Now Reading
23 жасар қостанайлық параспортшы Малика Мұхтарова қайтыс болды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > 23 жасар қостанайлық параспортшы Малика Мұхтарова қайтыс болды

23 жасар қостанайлық параспортшы Малика Мұхтарова қайтыс болды

Қостанайда 23 жастағы параспортшы Малика Мұхтарова қайтыс болды. Оның Instagram парақшасында Маликаны қайда және қашан соңғы сапарға шығарып салып жатқаны туралы хабарланды.

Малика Мұхтарова небәрі 23 жаста еді. Бала кезінде ДЦП диагнозы қойылғанына қарамастан, табандылығы мен еңбегінің арқасында 2015 жылы спорт және бал биі бойынша Қостанай облысының бес дүркін чемпионы атанды. 2016 жылдан бастап халықаралық жарыстарға қатысып келеді.

2016 жылдың қыркүйегінде ол мүгедектер арбасындағы би спорты бойынша әлем кубогының қола жүлдегері атанды. Жарыс Санкт-Петербург қаласында өтті. Сол жылдың қараша айында Малика Тайваньда арбамен билеуден Азия чемпионы атанды. Ол чемпионатта екі алтын және бір қола медаль жеңіп алды.

2017 жылдың маусым айында Қазақстан чемпионы атанды. 20-23 қазанда Малика Бельгияда өткен әлем чемпионатында екі үшінші жүлделі орынға ие болды.

Осыдан кейін ол екі рет Азия кубогында чемпиондық атағын алып, екі рет әлем чемпионатының «қола» жүлдесін иеленді. 2021 жылы қостанайлық параспортшы Италияда өткен әлем чемпионатында күміс, 2022 жылы күзде Словакияда өткен әлем чемпионатында «алтын» алды.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...