Now Reading
Ақтөбедегі әлеуметтік қызмет көрсету орталығында мүгедектігі бар бала соққыға жығылды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Ақтөбедегі әлеуметтік қызмет көрсету орталығында мүгедектігі бар бала соққыға жығылды

Ақтөбедегі әлеуметтік қызмет көрсету орталығында мүгедектігі бар бала соққыға жығылды

Ақтөбедегі №1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығында мүгедектігі бар баланы ұрып-соғу фактісі анықталды.

 

Сәуір айының соңында қалалық прокуратураға бұл орталықта балаларды ұрып-соғып жатқаны туралы хабарлама түскен.

 

Прокуратура қызметкерлері қорғаншылық және қамқоршылық органының, Ақтөбе облысы бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының өкілдерімен, полиция қызметкерлерімен және медицина қызметкерлерімен бірге №1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барды. Бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеу барысында №1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерінің баланы ұрып-соғу фактісі анықталды.

 

Бұл мекемеде психоневрологиялық дертке шалдыққан балалар бар.

 

«Бақылау камераларын тексеру барысында мүмкіндігі шектеулі баланы ұрып-соғу фактісі анықталды. Ақтөбе қаласының прокуратурасы қылмыстық іс қозғап, Ақтөбе қалалық ішкі істер бөліміне тергеуге жіберді. Өткен жылы бұл орталықта баланы ұрып-соғу фактісі де тіркелді», — деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...