Now Reading
Ақтөбенің мектеп-интернатында мүгедектігі бар балаларды ұрып-соғуда
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Ақтөбенің мектеп-интернатында мүгедектігі бар балаларды ұрып-соғуда

Ақтөбенің мектеп-интернатында мүгедектігі бар балаларды ұрып-соғуда

Ақтөбе қаласында психо-неврологиялық дертке шалдыққан балаларға арналған әлеуметтік мекемеде тәрбиенелушілерді ұрып-соққаны бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

 

Жантүршігерлік оқиға 8 шағын ауданда орналасқан әлеуметтік мекемеде орын алып отыр. Бұл орталық психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балаларға арналған. Олардың жасы 4 пен 18 жас аралығында, көпшілігі ата-анасының қамқорлығынсыз қалған. Өткен жылдың мамыр айында тәртіп сақшылары бұл мекемеде санитарлардың балаларды ұрып-соғу фактілерін анықтап, олар сотталған болатын. Жақында оқиға тағы қайталанп отыр.

«Сәуірдің 27-сі күні Ақтөбе қаласының прокуратурасына осы орталықта жұмысшылардың балаларды ұрып-соғып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Осыған орай қорғаншылық және қамқоршылық органының, жұмыспен қамтуды үйлестіру бөлімінің өкілдері, полиция қызметкерлері және медицина қызметкерлерімен бірге прокуратура қызметкерлері аталған мекемеге барды. Бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеу барысында №1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерлері балаларды ұрып-соққанын анықтады. ҚР Қылмыстық Кодексінің 110-бабы 2-бөлігінің 1-тармағына сәйкес «Азаптау» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ақтөбе қалалық ІІБ тергеу жүргізіп жатыр», — деді Ақтөбе облысы прокурорының көмекшісі Өркен Ещанов.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы орталық «Үміт» балалар үйінің бір блогында орналасқанын айтты. Мекемеде 71 қызметкердің қамқорлығында барлығы 42 бала – 10 қыз, 32 ұл бала, оның 23-і ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар екенін айтып отыр. Мекемеде барлығы 71 қызметкер, оның ішінде дәрігерлер, тәрбиешілер, мұғалімдер, 35-і тәртіп сақшылары бар.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...