Now Reading
Қазақстанда мыңдаған жетім бала баспанаға мұқтаж. Оларға жылына 800 пәтер бөлінеді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстанда мыңдаған жетім бала баспанаға мұқтаж. Оларға жылына 800 пәтер бөлінеді

Қазақстанда мыңдаған жетім бала баспанаға мұқтаж. Оларға жылына 800 пәтер бөлінеді

Жылына баспана алатын жетім балалардың саны жүздеп өлшенеді, кезекте тұрған жетімдердің саны ондаған мыңды құрайды.
Қазақстанда баспана кезегінде 62 500 жетім бала тұр, деп хабарлады премьер-министрдің кеңсесі Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында.
2013 жылдан бері 8458 жетім бала баспаналы болды, оның 673-і 2022 жылы баспана алған. Осылайша орта есеппен жетім балалар жылына 800-ге жуық пәтер алады.
2016-2022 жылдары Ақтөбе облысында – 65, Шығыс Қазақстан облысында – 43, Павлодар облысында – 15, Солтүстік Қазақстан облысында – 4, Қостанай мен Абай облыстарында – 1 жетім бала «Отбасы банкі» арқылы демеушілердің қолдауымен баспаналы болған.
2023 жылы халықтың әлеуметтік осал топтарына жалға берілетін пәтерлерді сатып алуға 102,7 млрд теңге бөлінді. Бұл пәтерлердің кем дегенде 20 пайызы жетім балаларға арналған.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...