Now Reading
Мүгедектігі бар Жезқазған тұрғынына төрт әкім көмектеспеді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Мүгедектігі бар Жезқазған тұрғынына төрт әкім көмектеспеді

Мүгедектігі бар Жезқазған тұрғынына төрт әкім көмектеспеді

Жезқазған жақында облыс орталығына айналды. Аудан жаңа, бірақ проблемалар бұрыннан келе жатыр. Олардың негізгілері – баспананың жетіспеушілігі, мамандандырылған дәрігерлердің тапшылығы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы бұрыннан келе жатқан проблемалар және т.б.

Мүгедектігі бар жандардың мәселесі де шешімін таппай келеді. Көптеген шағымдарға қарамастан, мүгедектігі бар жандар заң бойынша өздеріне тиесілі дүниеге қол жеткізе алмай келеді

Жергілікті тұрғын Ғаділ Пірадар 2005 жылы жол апатынан ауыр жарақат алған. Омыртқаға жасалған көптеген операциялардан кейін оған І топтағы мүгедектік тағайындалды. Ол 5-қабаттағы пәтерде тұрады, бірінші немесе екінші қабаттан баспана алу үшін құзырлы органдарға бірнеше рет жүгінген.

Қазақстандағы мүгедектігі бар жандардың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар 2025 жылы аяқталады. Аяқталған мерзімде жоспар толықтай орындалып шығуы тиіс. Ал Ғаділ Пірадар үшін мұның бәрі әдемі ұран болып қала береді.

«Көп жылдар бойы менің мәселем шешілмей келеді. Осы уақытқа дейін 4 әкімнің алдына барып уәжімді айттым, барлығы тыңдап, басын шайқап шығарып салады, бірақ ешбір шешім жоқ. Мен 5-қабаттағы пәтерде тұрамын. Менің өтінішім — бірінші қабаттан құны пәтеріме тура сай болатын басқа баспанаға айырбастауға көмектесу. Бүгінгі таңда пәтерімнің тұтқынына айналдым. Көшеге шығуым тек туыстарымның көмегімен ғана мүмкін болып отыр. Қалада мен сияқтылардың проблемасы өте көп. Шағымданып жүріп көлік бөлінгеніне әзер деп қол жеткіздік. Керек жерімізге жетуің жеткенмен, ғимараттарға кіру де машақат болып отыр. Көптеген ғимараттарда пандустар, көтергіштер, шақыру түймелері мүлдем жоқ. Салынған пандустардың өзі — нағыз мазақ. Олардың үстінен мүгедектер арбасын жүргізу мүмкін емес. Олардың адамдар үшін емес, жалпы көз үшін салынғаны анық. Олардың кейбіреулері соншалықты тар, ол жерлерге арбалар сыймайды, ал кейбіреулерінде тұтқа жоқ. Бұл біз көрген кемшіліктер, біз көрмегендері қанша. Жаһандық деңгейде айтатын болсақ, біздің қаламыздағы және басқа да көптеген жерлерде «қолжетімді орта» әлі де қол жетімсіз дүние екені шындық», — деді ол.

«Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қалада 58 мүгедек арбасына таңылған жан бар екенін, оның екеуі жоғары қабаттан төменгі қабатқа баспана алмасуға жағдай жасау туралы өтініші білдіргенін растап отыр.

«Шынымен де біздің қалада арбадағы адамдардың еркін жүріп-тұруы үшін жеткілікті жағдайдың жоқтығын мойындаймыз. Мемлекеттік мекемелерге келсек, құрылыс нормалары бойынша пандустармен қамтамасыз етілу керек. Бірақ қаладағы ғимараттардың 80 пайызы Кеңес Одағы кезінде пайдалануға берілгені шындық. Кәсіпорын иелері талаптарды жиі елемей жатады, бірақ біз сөйлесеміз, түсіндіреміз. Біреуі тыңдап, кемшілігін түзетіп жатады. Өкінішке орай біз тәртіп бұзушыларға қатаң шара қолдана алмаймыз», – дейді басқарма басшысы Берік Әбен.

Қазақстан мүгедектігі бар жандардың құқықтары туралы конвенцияға қол қойды және жауапты тұлғалар мүгедектігі бар жандардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін атқарылған жұмыстар туралы жүйелі түрде есеп беруі қажет. Ал Қазақстандағы мүгедектігі бар жандардың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар екі жылда аяқталады. Бұл құжатқа сәйкес, мүгедектігі бар қазақстандықтар мемлекеттен жүріп-тұру үшін арба түрінде көмек сұрай алады. Көзі көрмейтін және нашар көретін жандарға ноутбук, смартфон, тифлокомпьютер беріледі.

Алайда қоғам белсендісі Талғат Әлімқұловтың пікірінше, көп жағдайда мүгедектер өз құқықтарын білмейді. Мұны оларға ешкім түсіндірмейтіндіктен, кейбір адамдар шынымен тіршілік үшін жанталасып жатады.

«Кейде мүгедектігі бар жандарды масыл адам ретінде көреді. Олар кабинттерді аралап, өз мәселелерін шешуді жылдар бойы сұрап келе жатады, бірақ іс жүзінде олардың өтініштері заң бойынша жасалуы тиіс дүниелер. Мысалы пәтер айырбастау жағдайы да заң аясында қарастырылған. Арызданушы жанның жеке пәтері бар, бірақ ол стандарттар мен СНИП-ке сәйкес келмейтіндіктен мемлекет айырбастауға көмектесуге міндетті», — деп түсіндірді қоғам белсендісі.

Кедергісіз, қолжетімді орта туралы біз жиі естіп жүреміз. Уәкілетті органдардың есептерінде де бәрі керемет етіп көрсетіледі. Дегенмен өңірлердегі қолжетімді ортаға қатысты шындық мәз екен екені сөзсіз.

+1
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×