Now Reading
Астанада кезекті «Халық заңгері» акциясы өтуде
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Астанада кезекті «Халық заңгері» акциясы өтуде

Астанада кезекті «Халық заңгері» акциясы өтуде

26 мамырда Астанада жалпыреспубликалық «Халық заңгері» акциясы басталады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

 

Акция 26 мамыр күні сағат 17:00-де басталады. Оның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заңгерлік көмек көрсету. Кез келген азамат еліміздің заңгерлік қоғамдастығының үздік өкілдерінен қажетті кеңестерін тегін ала алады. Олардың қатарында белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылар, мемлекеттік органдардың басшылары, т.б. бар.

 

Акцияны ұйымдастырушылар – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, zakon.kz интернет-басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, мемлекеттік органдар және Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.

 

2016-2022 жылдар аралығында акцияға 7 мыңнан астам үздік сарапшылар мен шешім қабылдаушы деңгейіндегі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Заң көмегіне жүгінген 150 мыңнан астам азамат кеңес алды.

 

Акцияның өтетін орны: Астана қ., Кенесары көш., 32, Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония. Кіру тегін.

 

Іс-шараның ауқымы мен географиясы жағынан акция форматы Қазақстанда ғана емес, әлемде теңдесі жоқ болып табылады.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...