Now Reading
Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі азаматтардың саны 700 мыңнан асты
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі азаматтардың саны 700 мыңнан асты

Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі азаматтардың саны 700 мыңнан асты

Бүгінде еліміздегі мүмкіндігі шектеулі азаматтардың саны 700 мыңнан асты, бұл елдегі жалпы халықтың 3,7%-ға жуығын құрайды. Бұл туралы Парламент Сенатының депутаты Ләззат Қалтаева мәлім етті.

Жалпы отырыста палаталар «Мүгедектігі бар жандардың құқықтары туралы конвенцияға факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» Заңды қарады.

«Факультативті хаттамаға сәйкес, мүмкіндігі шектеулі азаматтар Конвенция ережелерін бұзған жағдайда осы Комитетке хабарлама немесе шағыммен жүгіне алады. Бұл ретте, Комитет шағымды немесе хабарламаны, егер олар анонимді болса, Конвенцияның талаптары мен ережелеріне сәйкес келмесе, халықаралық талқылаудың немесе реттеудің басқа рәсімі бойынша қаралса, қолда бар ішкі қорғаныс шаралары қолданылмаған жағдайда қабылдамайтынын атап өткен жөн.- деді Ләззат Қалтаева.

Депутат егер келіп түскен шағым немесе есеп негізінде Конвенцияда бекітілген құқықтардың елеулі немесе жүйелі түрде бұзылуын көрсететін шынайы ақпарат алынса, Комитет өз ұсыныстары мен ұсынымдарын тиісті қатысушы мемлекетке және өтініш берушіге жіберетінін айтты.

БҰҰ-ның шарттық органдарының ұсынымдарын қарау тәртібі Бас прокуратураның, Әділет және Сыртқы істер министрліктерінің бірлескен бұйрығымен реттеледі және келесідей болады:

1) ұсыныс Сыртқы істер министрлігіне беріледі;

2) Сыртқы істер министрлігі оны Бас прокуратураға жолдайды;

3) Бас прокуратура уәкілетті органдармен бірлесіп ұсынымға құқықтық талдау жүргізеді және өзінің ұйғарымын Әділет министрлігіне жібереді;

4) Әділет министрлігі осы анықтаманы ведомствоаралық комиссияда қарайды және шешім қабылдайды;

5) Әділет министрлігі ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес Комитетке Қазақстанның ұстанымын жеткізеді.

«2015 жылдан бастап Үкімет Факультативтік хаттаманы ратификациялауға белсенді түрде дайындалуда, осы санаттағы азаматтардың құқықтарына қатысты заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, Әлеуметтік кодекс қабылданды және мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспар іске асырылуда, бұл құқықтар туралы конвенцияға Факультативтік хаттаманы ратификациялау үшін барлық алғышарттарды жасады», — деп қорытындылады Ләззат Қалтаева.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×