Now Reading
Сенат мүгедектігі бар жандардың құқықтары туралы Конвенцияға Факультативтік хаттаманы ратификациялауды мақұлдады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Сенат мүгедектігі бар жандардың құқықтары туралы Конвенцияға Факультативтік хаттаманы ратификациялауды мақұлдады

Сенат мүгедектігі бар жандардың құқықтары туралы Конвенцияға Факультативтік хаттаманы ратификациялауды мақұлдады

Сенат депутаттары «Мүгедектігі бар жандардың құқықтары туралы конвенцияға факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» Заңды мақұлдады.

«Біздің мемлекетіміз үшін мүгедектігі бар жандардың құқықтарын жүзеге асыру және олардың өмір сүру сапасын жақсарту барлығына бірдей мүмкіндіктер беретін инклюзивті қоғам құрудағы маңызды қағидаттардың бірі болып табылады. 2008 жылы желтоқсанда Қазақстан мүгедектігі бар жандардың құқықтары туралы конвенцияға және Конвенцияға Факультативтік хаттамаға қол қойды, ал 2015 жылы Конвенцияны ратификациялады. Осылайша, Қазақстан мүмкіндігі шектеулі қазақстандықтардың құқықтарын қорғау жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге халықаралық қауымдастық алдында міндеттеме алды», — деді палатаның жалпы отырысында құжатты таныстырған сенатор Ләззат Қалтаева.

Депутат осы міндеттемелерді ескере отырып, Мемлекет басшысы 2020 жылғы 22 қазанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында мүгедектігі бар жандардың құқықтары туралы Конвенцияға Факультативтік хаттаманы ратификациялау рәсімдерін аяқтауды тапсырғанын айтты.

«Факультативті хаттаманы ратификациялау БҰҰ-ның мүгедектігі бар жандардың құқықтары жөніндегі комитетінің мүгедектігі бар жандардың жеке хабарламаларын (шағымдарын) қабылдау және қарау құзыретін мойындауды білдіреді», — деп түсіндірді Ләззат Қалтаева.

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің қорытындысында Заңның мақсаты 2006 жылғы 13 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдаған мүгедектігі бар жандардың құқықтары туралы конвенцияға Факультативтік хаттаманы (бұдан әрі – Факультативтік хаттама) ратификациялау болып табылатыны атап өтілді.

Факультативтік хаттама мүгедектігі бар жандардың құқықтары туралы Конвенцияға қосымша келісім болып табылады және оны жүзеге асыру тетіктерін белгілейді. Оның ережелері мүгедектігі бар жандардың белгісі бойынша кемсітуді жоюға және инклюзивтілік қағидатын жүзеге асыруға бағытталған.

Конвенция мен Факультативтік хаттамаға Қазақстан 2008 жылы қол қойды. Конвенция 2015 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланды, бірақ Факультативтік хаттама қажетті мемлекетішілік рәсімдерден әлі өткен жоқ.

Факультативтік хаттаманы ратификациялау БҰҰ мүгедектігі бар жандардың құқықтары жөніндегі комитетінің мүгедектігі бар жандар Конвенциямен кепілдік берілген құқықтардың бұзылуы туралы хабарламаларды (шағымдарды) қабылдау және қарау құзыретін тануға мүмкіндік береді.

Факультативтік хаттаманың ережелеріне сәйкес, егер мемлекет ұсынатын барлық қорғау тетіктері пайдаланылмаса, Комитет анонимді, негізсіз немесе қайталанған өтініштерді немесе шағымдарды қарай алмайды.

Бұл ретте Комитет өтініштерді қарау кезінде қажетті ақпаратты алу үшін қатысушы мемлекетке жүгінуге, сондай-ақ мемлекеттің келісімімен шағымды қарау шеңберінде оның аумағына келуге құқылы.

Шағымды қарастырғаннан кейін Комитет нәтижелерді, ескертулер мен ұсыныстарды тиісті қатысушы мемлекетке жібереді. Өз кезегінде Қатысушы мемлекет тергеу нәтижелері бойынша өзінің ескертулерін, Комитеттің ескертулері мен ұсынымдарын алты ай ішінде береді және тергеуге жауап ретінде қабылданған шаралар туралы хабарлайды.

Қазақстан Республикасының Факультативтік хаттамаға қосылуы мүгедектігі бар жандарға өздерінің экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарын халықаралық қорғау құқығын береді.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×