Now Reading
Қазақстанның 9 рекорды. Паралимпиада жұлдыздары қалай бақ сынады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстанның 9 рекорды. Паралимпиада жұлдыздары қалай бақ сынады

Қазақстанның 9 рекорды. Паралимпиада жұлдыздары қалай бақ сынады

Қазақстанның VI Паралимпиада ойындарында 9 рекорд тіркелді. Турнирге мыңнан астам спортшы қатысты.

Паралимпиадалық спорт түрлерінен ауқымды жарыс үш қалада: Алматы, Астана және Ақтөбеде өтті.

«Ең жас спортшының жасы небәрі 16-да, ал ең үлкені 78-де. Қатысушылар арасында Рио-2016 Паралимпиада ойындарының чемпионы Зульфия Ғабидуллина, пауэрлифтингтен Паралимпиада ойындарының чемпионы Давид Дегтярев сынды танымал спортшылар бар.

Сондай-ақ Токиодағы Паралимпиада ойындарының жеңімпаздары: Нұрдәулет Жұмағали мен Әнуар Сариев. Жарысқа пара дзюдодан әлем чемпиондары: Ерғали Шәмей, Ақмарал Науытбек қатысты», — деді «Мүмкіндігі шектеулі жандарды спорттық даярлау орталығының» директоры Мейрамбек Махамбетов турнирдің жұлдызды құрамы туралы.

Оның айтуынша, ауқымды ұлттық старт қорытындысы бойынша Ханчжоудағы Азия параойындары мен 2024 жылы Парижде өтетін жазғы Паралимпиада ойындарына қатысатын командалар жасақталады.

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан Паралимпиада ойындарында 44 алтынмен Қарағанды ​​облысының командасы жеңіске жетті. Одан кейін Атырау және Ақтөбе облыстарының командалары орналасты.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...