Now Reading
«Жұлдызай» таланттар фестивалінің ерекше балалары Қазақстан халқын тамсандырды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > «Жұлдызай» таланттар фестивалінің ерекше балалары Қазақстан халқын тамсандырды

«Жұлдызай» таланттар фестивалінің ерекше балалары Қазақстан халқын тамсандырды

1 маусымда Астанада 18-ші «Жұлдызай» фестивалінің Гала-концерті өтті. Фестивальде ерекше балалар өздерінің шексіз мүмкіндіктерін көрсетіп, өздерін нағыз жұлдыздар ретінде сезінді. Жас дарындардың өнерін «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсетті.

Фестиваль «Вокал», «Хореография», «Әнді ыммен орындау» және «Аспапта орындау» 4 номинациясы бойынша өтті.

Гала-концерт таңғажайып мерекеге айналды және белсенділігі шектеулі балалардың, соның ішінде әлеуметтік стереотиптермен әлеуметтену мен шығармашылық қабілеттерін жүзеге асырудың тағы бір мүмкіндігі болды.

Ақтық кезеңге 550 бала қатысып, оның 190-ы лауреат атанып, елорданың үлкен сахнасында өнер көрсетті. Қатысушыларды қазақ эстрадасының әртістері қолдады.

9 финалист бірінші орындармен марапатталды. Қатысушылардың арасынан жалпыхалықтық дауыс беру арқылы Бас жүлде иегері – Атырау облысынан келген Ақерке Түгелбай анықталды.

Жеңімпазға бас жүлде – 500 мың теңге табысталды.

«Мен ән айтқанды жақсы көремін және әр жолы Жұлдызайды асыға күтемін. Бұл байқауға қатысып жатқаныма биыл үшінші жыл. Жұлдызай маған көптеген достар сыйлады, Астананың көптеген жерлерін араладым. Барлық ұйымдастырушыларға алғыс айтамын», — дейді Ақерке.

Үздік 9 нөмірдің бірін Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданынан келген 13 жастағы Ясмин Рысқұл орындады.

«Мен «Хореография» номинациясында бірінші орынды жеңіп алдым, бұл жаңалықты естігенде қатты қуандым, Астанада Бәйтеректі көрдім, басқа да көрікті жерлерді араладым, жаңа достар таптым», — деді Ясмин өз әсерімен бөлісті.

Фестиваль дарынды оқушы қыздың өзін еркін ұстауына және өзіне сенімді болуына көмектесті, өйткені мұнда ол алдымен есту аппараты бар балаларды көріп, ым тілінде сөйлесіп, олармен достасты. Бұрын Ясмин мұндай ерекшелік тек өзіне ғана тән деп есептеген.

 

Фестивальдің ұйымдастырушысы – «Жұлдызай» корпоративтік қоры, бас серіктесі – BI Group құрылыс холдингі. Негізгі ақпараттық серіктес – «Хабар» телеарнасы болды. 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×