Ақтөбелік музыка пәнінің мұғалімі Гүлсана Мағзымбетова ерекше қажеттіліктері бар балаларға музыкалық аспаптарда ойнауды үйретеді. Есту қабілеті бұзылған оқушылар үшін мұғалім ашық түстер мен геометриялық фигураларды пайдаланып ноталарды оқыту әдістемесін әзірлеген.
Жеті нота жеті түрлі түске боялған, қолдың бес саусағы геометриялық фигуралармен ауыстырылған.
Айта кету керек, әдіс авторлық құқықпен қорғалған және Берн конвенциясымен қорғалған.
Гүлсана Мағзымбетованың түрлі дертке шалдыққан 30 балаға дәріс береді. Жас әншілер қалалық, облыстық, республикалық байқауларда бақтарын сынап жүр.
Мұғалімнің айтуынша бұл үйрету техникасы оқушылардың денсаулығына жақсы әсер етеді.
«Кез келген музыкалық аспапта ойнау мидың екі жарты шарының белсенді жұмыс істеуіне ықпал етеді. Соның арқасында ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларда ұсақ моторика дамиды. Мысалы ДЦП бар балаларда қолдың моторикасы жақсы дамиды. Осыны әдісті пайдалана отырып, тек ұлттық аспаптарда ғана емес, өзге де іспен шұғылдануға болады.