Now Reading
Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарын Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа стандарты алаңдатып отыр
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарын Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа стандарты алаңдатып отыр

Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарын Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа стандарты алаңдатып отыр

Қазақстандық мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа стандартына алаңдаулы. 

  Жаңа ереже бойынша оңалтуды тек күндізгі немесе тәулік бойы жұмыс істейтін стационарда алуға болады. Бұрын балалар жеке мамандандырылған орталықтарда міндетті медициналық сақтандыру есебінен емделе алатын. Орталықтарда тиісті жабдықтар мен сирек мамандардың болуына байланысты, олардың қызметіне сұраныс та, сондай-ақ оңалтуды қаржыландыру құны да айтарлықтай өсті. 

 Сәбира Ибрагимованың 10 жасар ұлы аутизммен ауырады. Мұндай диагнозы бар балалар үнемі оңалтуды ауадай қажет етеді. Бірақ толық емдеу курсын алу үнемі мүмкін емес. Әдетте емханаларда сирек мамандар мен тиісті құрал-жабдықтар болмайды. Ал көбінің жекеменшік орталықтарға қолы жете бермейді. 

Сәбира Ибрагимова, Астана қаласының тұрғыны: 

— Біз жылына екі рет емханада 10 күннен ем аламыз. Бірақ бұл жеткіліксіз. 365 күннің 20 күні ғана емге арналады. Бұл оңалту деп айтуға болмайды. БҒОО-ға мүлдем кіре алмаймыз. Біз 2018 жылы бір рет болдық, енді бара алмай жүрміз. Емхана жолдама бермейді. Олар аутизммен ауыратындарды қабылдамайды, тек церебральды сал ауруына шалдыққандарды қабылдайды дейді. Оңалту орталықтарының қызметтері 200 мыңнан жоғары, екеумізге берілетін жәрдемақы 121 мың ғана. Пәтер ипотекада болса, қалай өмір сүруге болады? Емханалар көрсететін қызметтер аз. Тек массаж, логопед, психолог бар. Церебральды сал ауруына шалдыққан балалар да тұрақты оңалтуды қажет етеді. 

Қарағанды тұрғыны Шынар Смаилова қызын күнде емдетуге апарады. Шығындар өте көп. 

Шынар Смаилова, Қарағанды қаласының тұрғыны: 

— Біз күнделікті оңалтуға барамыз. Орта есеппен бір курстың құны 50 мың, келіп-кету шығындарын қоса алғанда 65-70 мыңның шамасында болып шығады. Айына үш рет барамыз. Біз үш курстан өтеміз – бұл 210 мң теңгені құрайды. Оған қоса орталық, дефектолог, бассейн қзметтері бар.  Орташа алғанда 200 мыңнан астам қаражат жұмсаалады. 

Балаларының ең кішкентай жетістіктерге жетуіне көмектесу үшін кейбіреулер несиені молынан алады. 

Сұлушаш Сұлтанова, Астана қаласының тұрғыны: 

— Бізден оңалту қызметін алып қойға. Тек жеке орталықтар қызметіне жүгіну керек. Жеке орталықтарда 10 күнге 350 000 төлеу  керек екен. Біздің ондай қаржымыз жоқ. Менде ондай мүмкіндік жоқ. Ата-аналардың барлығының несиесі бар. Мен қазір Ташкентке ұшуым керек, маусым айында 800 мың керек. Мен бұл ақшаны қарызға аламын. Елімізде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі енгізілгенде осындай балалардың ата-аналарында  үміт сәулесі пайда болады. Жеке орталықтардағы сирек мамандардың кешенді оңалтуы ерекше қажеттіліктері бар науқастар үшін қолжетімді болды. Ол үшін емхананың жолдамасы ғана қажет. Алайда ата-ананың айтуынша, тиісті тағайындауларды алу үшін ұрыс-жанжалмен қол жеткізуге тура келеді. Көбінесе делдал қызметін атқаратын өздерінің медициналық ұйымдары басқа емханаларға жолдама беруден бас тартады. Олар өздерінің оңалту бөлімшелерінің бар екеніне сілтеме жасайды. Олардың көбі бөгде ұйымдарға түсетін ақшаға қызықпайды екен. Тек биыл ғана, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мәліметі бойынша, мұндай қызметтерді көрсетуге 75 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. 

«2023 жылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 75,6 млрд теңгеден астам сомаға медициналық оңалту қызметтерін көрсетуге, оның ішінде республикалық медициналық ұйымдармен келісімшартқа отырды. Бір жыл бұрын медициналық оңалтуға, оның ішінде коронавирустан кейінгі оңалтуға 60 миллиард теңгеден астам бөлінді. Осылайша медициналық көмекті қаржыландыру көлемі жыл сайын артып келеді, ал соңғы жылдары міндетті медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылғаннан кейін медициналық оңалтудың қолжетімділігі 12,5 есеге артты. Жекелеген медициналық ұйымдарға азаматтарды медициналық оңалтуға жіберуге келетін болсақ, бұл пациенттің таңдау құқығы. Қор пациенттің оңалту орнын таңдауға құқығы бар деп сендірді. Ең бастысы емхана жеткізушілердің базасында болуы керек. Жолдама «Емдеуге жатқызу бюросы» порталы арқылы беріледі.

Сонымен қатар МӘМҚ емханаларға жағдай жасауға және пациенттерді үшінші тараптың оңалту орталықтарына міндетті түрде жіберуді талап етуге, сондай-ақ қажетті ресурстар болған жағдайда олардың емханада оңалту жүргізу мүмкіндігін шектеуге құқығы жоқ екенін қосты. Дегенмен емханаларда қандай ресурстар болуы керек екенін түсіну қиын. Көктемде денсаулық сақтау министрлігі халықты оңалтуды қамтамасыз етудің жаңа стандартын әзірледі. Құжат ата-аналарды ғана емес, жеке емхана өкілдерін де алаңдатты. Нәтижесінде шенеуніктер стандарттың төртінші тарауына сілтеме жасай отырып, ата-аналардың қорқынышын ресми түрде жоққа шығарды. Сонымен бірге сол стандарттың сол тарауында науқастарды оңалтуға жіберу шарттары сипатталған 28-тармақ бар. Осы бөлімге сәйкес орташа және ауыр мүгедек балалар күндізгі және тәулік бойы стационарда оңалту курстарынан өтеді. 

Жазира Тұрсынбекова, «Отбасылық денсаулық және бақыт» орталығының жетекшісі: — Күндізгі стационарда инфрақұрылым мүлдем басқа: төсек-орын, аурухана түрі бар. 

Өйткені бәрі бағаға байланысты. Церебральды сал ауруына шалдыққан балаларды оңалтудың бір күндік құны 5 мың теңге. Ал амбулаторлық жағдайда жоғарырақ: бір балаға төленетін 20 күндік шығын 150-ден 400 мың теңгеге дейін болады. Күндізгі стационарда нормативтік құжаттарға сәйкес 10 күн ғана емделуге болады. Олар осы орталықтарды осы тарифке түсірсе, бюджетті қысқартуға болады деп ойлады. Бұл мемлекет қаржысын ысырап ету, өйткені ақшаны жұмсап, емнің тиімділігіне көңіл бөлмей, тиімсіз ем қабылдап, солай жұмсасаң, бұл мемлекет қаржысын тиімсіз пайдалану болып табылады. Ата-аналардың өздері бірнеше апта бойы денсаулық сақтау министрлігінің өкілдерімен кездесуге талпынған. Алайда министрлік тарапынан түсініктеме беруге асығып жатқан ешкім жоқ.  

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев журналистерге мәселенің мән-жайын анықтауға уәде берді. Ол соңғы үш жылда оңалтуды қаржыландыру айтарлықтай өскенін, сондай-ақ мұндай қызметтерге сұраныстың артқанын растады. 

Тимур Сұлтанғазиев, ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі: 

— Тек амбулаторлық деңгейде оңалтуды алатын болсақ, үш жылда қаржыландыру 9 есеге өсті. Қол жетімділік айтарлықтай артқанын түсінуге болады.  Стационарлық деңгейге қарасақ, қаржыландыру екі еседен астам өсті. Бұл ұзақ мерзімді талап ететін мәселе. Қаржы бөлгеннен-ақ мамандар пайда болмайды. Оларды оқыту, даярлау керек. Ал денсаулық сақтау саласының қызметкерлері үндемей отырса, жекеменшік клиникалардың өкілдері қалалық емханалармен үздіксіз күрес жүргізуге мәжбүр. Жеке меншік клиникалар пациенттерін және қаржылық ағындарды бөлісуді қаламайды. Бұл ретте тараптардың әрқайсысы жаңа стандарттағы түсініксіз тұжырымдарды өзінше түсіндіреді. Реабилитологтардың пікірінше, ерекше қажеттіліктері бар балалар реабилитацияны неғұрлым ерте бастаса, соғұрлым олардың есейген кезде әлеуметтену мүмкіндігі артады. 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×