Now Reading
Ұлттық қордан әр балаға шамамен 1,5 миллион теңге төленеді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Ұлттық қордан әр балаға шамамен 1,5 миллион теңге төленеді

Ұлттық қордан әр балаға шамамен 1,5 миллион теңге төленеді

ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев «Балаларға арналған ұлттық қор» жобасы аясында әр балаға шамамен 1,5 миллион теңге төленетінін айтты.

 

Ведомство басшысы азаматтардың 18 жасқа толғанда төлемдерді ала алатынын еске салды. Әділет министрлігінде туылған және 18 жасқа толмаған барлық балалардың деректер базасы жүргізіледі.

 

«Жалпы, 18 жасқа дейін Ұлттық қордан әрбір балаға бір жарым миллион теңгеге жуық жәрдемақы төленеді. Бұл президенттің үлкен қадамы, бұл көптеген отбасылар үшін үлкен қолдау деп ойлаймын», — деді министр.

 

Ұлттық қордан қазақстандық балаларға жыл сайын қанша төленетіні осыған дейін хабарланған болатын. Сондай-ақ, егер 18 жасқа толмаған бала елден шығып, Қазақстан азаматтығын ауыстырса, онда төлемдерді талап ету құқығы жойылатыны белгілі болды. Бұл жағдайда қаражат барлық балаларға қайта бөлінеді.

 

Өткен жылдың 1 қыркүйегінде Елбасы өз жолдауында Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50 пайызын балалар кәмелеттік жасқа толғанға дейін арнайы жинақ шоттарына аудару туралы бастама көтерген болатын.

 

Кейінірек саяси шолушы Ғазиз Әбішев балалар 18 жасқа толғанда жаңа ұлттық қордан қанша алатынын есептеп шықты. Оның болжамы бойынша, 18 жаста әр балада 900 доллар жиналады. Ал Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай 18 жасқа толған қазақ жастарының есепшотында кем дегенде 3 мың доллар жиналатынын айтты.

 

6 қыркүйекте Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантиров Мемлекет басшысының жолдауын жүзеге асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасын таныстырды.

 

2022 жылдың соңына қарай қазақстандық балалар үшін 18 жасқа дейінгі шегерімдерге арналған арнайы шоттар ашылатыны белгілі болды.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×