Now Reading
Астанада жалға берілетін тұрғын үйге өтінімдерді қабылдау басталды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Астанада жалға берілетін тұрғын үйге өтінімдерді қабылдау басталды

Астанада жалға берілетін тұрғын үйге өтінімдерді қабылдау басталды

 

 

 

Құрметті кезекте тұрғандар!

 

Тұрғын үй орталығы «Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы бойынша «Көп балалы отбасылар» және «Халықтың әлеуметтік осал топтары» санаттары үшін құжаттарды қабылдау туралы хабарлайды.

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!

 

Бұл бағдарламаға Астана қаласының коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар келесі санат бойынша қатыса алады:

1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

1-1) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;

1-2) басқа мемлекеттердің аумағындағы соғыс қимылдарының ардагерлері;

2) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар жандар;

3) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

4) кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар;

5) жасы бойынша зейнеткерлер;

6) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

7) қандастар;

8) экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйлерінен айырылған адамдар;

9) көп балалы отбасылар;

10) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңiстiгiне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезiнде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;

11) толық емес отбасылар.

 

Пәтерлердің жалпы саны:

«Көпбалалы отбасылар» санаты бойынша – 86 пәтерлер (тек 2 бөлмелі пәтерлер);

басқа санаттар үшін «Әлеуметтік жағынан осал топтарға» — 24 пәтер:

2 бөлмелі пәтерлер – 3 пәтер;

3 бөлмелі — 21 пәтер.

 

Тұрғын үй түрі: Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй.

Нысандарды пайдалану орны:

«Көп балалы отбасылар» санаты бойынша:

Астана қаласы, Н.Тілендиев даңғылы, 44А, 44, 44/2 үй, Ш.Қосшығұлұлы көшесі, 6 үй, Е-767 көшесі, 11 үй, Е-509 көшесі, 7 үй.

«Әлеуметтік осал топтар»: Н.Тілендиев даңғылы, 44, 44/2 үй;

 

Қабылдау күні: 2023 жылдың 17 шілдесі сағат 09:00-ден бастап

2023 жылғы 26 шілде 23:59 дейін.

Құжаттар тек электронды түрде Qatysu.zhilfond.kz порталы арқылы көрсетілген уақытта қабылданады.

 

Іріктеу кезекке қойылған күнге сәйкес жүргізіледі және отбасының құрамы ескеріледі.

 

Өтініш беру үшін керекті құжаттар:

 

1) ЭЦҚ кілті;

2) Отбасының барлық мүшелеріне ҚР бойынша жылжымайтын мүліктің жоқ немесе бар екендігі туралы анықтаманың сканерленген нұсқасы;

3) Куәліктердің сканерленген нұсқасы

/отбасы мүшелерінің жеке куәлігі (бар болса);

4) Куәліктің сканерленген нұсқасы

неке қию/ бұзу/ әке болуды анықтау туралы/ № 4 нысан/ қайтыс болу туралы куәлік (болған жағдайда);

5) Жылжымайтын мүліктің құқық белгілейтін құжаттарының сканерленген нұсқасы (бар болса);

6) Мүгедектік туралы анықтаманың сканерленген нұсқасы (бар болса).

 

Өтінімдерді қарау нәтижелері zhilfond.kz, www.gov.kz сайтында жарияланатын болады — «Астана қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» және тұрғын үй орталығының әлеуметтік желілерінде.

 

Назар аударыңыздар!

 

Қатысуға өтінімдерді кезекке қойылған барлық жылдардағы кезекте тұрғандар бере алады, алайда қатысуға өтінім бергендер арасында басқалардан бұрын кезекте тұрғандар өтеді.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×