Now Reading
Қазақстанда ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарының сақталуына бақылау күшейтілді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстанда ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарының сақталуына бақылау күшейтілді

Қазақстанда ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарының сақталуына бақылау күшейтілді

Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Атырау, Жамбыл облыстарындағы 70 нысанда ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын, білім алуын, тамақтануын, көлік тасымалымен қамтамасыз ету бойынша профилактикалық бақылау жүргізді.

 

«Профилактикалық бақылау барысында мектептерде ас мәзірінде сәйкессіздік анықталды. Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың білім алу құқығын жүзеге асыруды растайтын құжаттар толық болмаған. Осыған байланысты облыстардың білім басқармаларына анықталған заң бұзушылықтарды жою бойынша ұсыныстар жолданды», — деді комитет төрайымы Насымжан Оспанова.

 

Сонымен қатар, Комитет баланың құқықтарын қорғау саласындағы жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдары бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізеді.

 

Бала асырап алуға үміткердің шағымы бойынша Жамбыл облысындағы «Үміт» мамандандырылған балалар үйінің қызметі тексерілді. Нәтижесінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа қол жеткізу ережелерінде өрескел бұзушылықтар анықталды. Сот шешімімен лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

Бөлімшеде атап өткендей, балалар құқығын қорғау комитеті нысандарды аралау арқылы профилактикалық бақылауды жалғастырады. Биылғы жылдың екінші жартыжылдығында өңірлерде тағы 30 нысан тексерілетін болады.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×