Now Reading
2024 жылы құжаттардың құны қандай болады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > 2024 жылы құжаттардың құны қандай болады

2024 жылы құжаттардың құны қандай болады

Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы бұйрығымен Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына өзгерістер енгізілді.

Мәселен, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы азаматының көлемі 24 беттік (16 жасқа дейінгі балалар үшін) паспортын бергені үшін мемлекеттік баж 4 АЕК, 48 бет (ересектер үшін) – 12 АЕК болады.

Қазақстан Республикасы азаматының бір жыл ішінде құжатын жоғалтуына байланысты жеке куәлігін бергені үшін 1 АЕК екі еседен артық төлеуге тура келеді.

Бұл ретте Қазақстан Республикасы азаматының үлгілік паспорты (36 бет) үшін мемлекеттік баж салығы – 8 АЕК (27 600 теңге – 2023 ж.) дейін сақталады.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін бергені үшін бұрынғы мемлекеттік баж салығы – 0,2 АЕК (2023 жылы 690 теңге) сақталады.

Төлем «электрондық үкіметтің» төлем жасау бөлімі, екінші деңгейлі банктер арқылы немесе QR кодын пайдалана отырып жүзеге асырылуы мүмкін.

Мемлекеттік бажды төлеуден босатылады:

  Кеңес Одағының батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері;

  үш дәрежелі Даңқ және үш дәрежелі Еңбек Даңқы, «Алтын Қыран», «Отан» ордендерімен марапатталған, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарымен марапатталған тұлғалар;

  «Батыр ана» атағын алған, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналар;

  Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы соғыс қимылдарының ардагерлері, тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар

  Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдар;

  Мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ бала кезінен мүгедектігі бар адамның, мүгедектігі бар баланың ата-анасының бірі; қарттар мен мүгедектігі юар адамдарға арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мемлекет тарапынан толық қамтамасыз етілген, балалар үйінде немесе мектеп-интернаттарда тұратын қарт адамдарға;

  Чернобыль апатынан зардап шеккен азаматтар.

Құжаттарды беру мерзімдері

Құжатты жалпы тәртіппен 15 жұмыс күні ішінде алуға болады (өтініш жасалған және құжат қабылданған күн мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне есептелінбейді).

Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалалары үшін – бір жұмыс күніне дейін жеделдіктің 1-санаты, үш жұмыс күніне дейін 2-ші жеделдік санаты;

облыс орталықтары үшін – үш жұмыс күніне дейінгі мерзімділіктің 1-санаты, бес жұмыс күніне дейінгі мерзімділіктің 2-санаты;

облыстардың аудандары мен қалалары үшін – жеті жұмыс күніне дейінгі мерзімділіктің 3 санаты қарастырылған.

Құжаттар топтамасын тапсырудың рұқсат етілген ең ұзақ уақыты — 15 минут.

Өтініш берушіге қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.

Бұйрық 2023 жылғы 16 шілдеде күшіне енеді.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×