Now Reading
Ақтөбе облысында мүгедектігі бар адамдар, жетім балалар баспана алуға өтініш бере алады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Ақтөбе облысында мүгедектігі бар адамдар, жетім балалар баспана алуға өтініш бере алады

Ақтөбе облысында мүгедектігі бар адамдар, жетім балалар баспана алуға өтініш бере алады

Ақтөбе облысында облыстық мәслихат сессиясында тұрғын үй сертификатын алушылардың санатын кеңейту туралы шешім қабылданды.

Егер бұрын өтініш берушілер тізіміне тек көп балалы отбасылар, мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, толық емес отбасылар, жекелеген салалардағы сұранысқа ие мамандар ғана кірсе, енді тізімге бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар да қосылды. Тұрғын үй сертификатын мемлекеттік ипотекалық бағдарламаларға қатысатын халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау мақсатында әкімдіктер береді және бастапқы жарнаға қажетті соманың бір бөлігін өтейді.

Сондай-ақ сессияда Ақтөбе қаласының бас жоспарына түзетулер бекітілді. Ақтөбе қаласының қазіргі бас жоспары 2016 жылы қабылданып, қазір біраз дүниелер маңыздылығын жоғалта бастаған. Осыған байланысты 2021 жылы оны түзету жұмыстары басталды.

Кешенді қала құрылысы сараптамасының оң бағасын алған «Ақтөбе қаласының бас жоспарын түзету» жобасын депутаттар мақұлдады.

Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нағымжан Алдияров жобада облыс орталығы үшін аумақтық даму мәселелерін шешу жолдары айқындалғанын, жоспарлау шектеулері, экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайлар ескерілгенін атап өтті.

Сонымен қатар шығынның орнын толтыру үшін тасымалдаушылар субсидия алатыны бағыттардың тізбесі белгіленді, облыстағы су қоймаларында адамдардың өліміне жол бермеу үшін суға түсуге тыйым салынған орындарды бекіту мәселесі қаралды.

Депутаттық сауалда облыста «Ауыл шаруашылығы жануарларын қадағалайтын электрондық порталын» енгізу, ветеринариялық сертификаттауды электронды форматқа толық көшіру, «Шалқар-Ақтөбе» пойызына аудан тұрғындарына билет тапшылығы туралы ұсыныстар айтылды. Ембі, Ақтөбе қаласындағы аула аумақтарын жөндеуге қаражат бөлу, учаскелік полиция пункттерін салу мәселелері талқыланды. Барлық өтініштер уәкілетті мемлекеттік органдарда мұқият қаралатын болады.

 

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×