Now Reading
Алжир мұражайында мүгедектігі бар азаматтарға арналған лифт құлаған: екі адам жарақаттанған
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Алжир мұражайында мүгедектігі бар азаматтарға арналған лифт құлаған: екі адам жарақаттанған

Алжир мұражайында мүгедектігі бар азаматтарға арналған лифт құлаған: екі адам жарақаттанған

Ақмола облысындағы «Алжир» мұражайында мүгедектігі бар азаматтарға арналған лифт құлап, екі адам зардап шеккен.

«16 шілде күні сағат 14.21-де Ақмол кентінде Линейная көшесінің бойында «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешенінің бойында мүгедектігі бар азаматтарға арналған қызметтік лифт екінші қабаттың биіктігінен құлады. Ғимараттың өзі үш қабатты», — деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. 

Оқиға салдарынан аяғы сынған екі адам Астана ауруханасына жатқызылды.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі Астана қаласының 1940 жылы туған тұрғыны мен 1969 жылы туған Ақмол қаласының тұрғыны түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, содан кейін процессуалдық шешім қабылданады.

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...