Now Reading
Қазақстанның өңірлерінде әлеуметтік инспекторлар 750 тексеру жүргізді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстанның өңірлерінде әлеуметтік инспекторлар 750 тексеру жүргізді

Қазақстанның өңірлерінде әлеуметтік инспекторлар 750 тексеру жүргізді

Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің күшіне енуімен елімізде мүгедектігі бар азаматтарды  әлеуметтік қорғау саласындағы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын, арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету және әлеуметтік қамсыздандыруды жүзеге асыратын мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары институты енгізілді деп хабарлайды Еңбек министрлігінің баспасөз қызметі. 

«Бір жарым апта ішінде әлеуметтік инспекторлар 12 тексеру жүргізді, оның 10-ы жоспардан тыс және профилактикалық бақылау аясында 2 тексеру жүргізілді. Мемлекеттік бақылауға: 4 дүкен, 2 мектеп, 2 жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, «Қазпошта» АҚ 1 филиалы, 1 жеке санаторий, 1 түзеу мекемесі, 1 банк филиалы кірді», — деді Еңбек министрлігі.

Ведомствоның мәліметінше Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті Жарма аудандық және Курчатов қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінде мүгедектігі бар азаматтарды қорғау бойынша әлеуметтік саладағы заңнама талаптарының сақталуына профилактикалық бақылау жүргізілді. 

Осы тексерулер барысында оңалту және қызмет көрсетудің техникалық құралдарымен уақтылы қамтамасыз ету бойынша келесі заң бұзушылықтар анықталған: протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету – 17, санаториялық-курорттық емдеу – 33, гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету – 12, есту құралдарымен қамтамасыз ету – 2, тифло техникалық құралдарымен қамтамасыз ету –  3, мүгедектігі бар адамдар арбасы – 1.

Тексеру қорытындысы бойынша анықталған заң бұзушылықтарды жою, сол арқылы 68 мүгедектігі бар азаматтың  құқықтарын қорғау туралы ұйғарым шығарылды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті арыз негізінде «Салма Караван KZ» ЖШС шипажайына жоспардан тыс тексеру жүргізіп, тексеру барысында пандустың, өтер жол мен кіреберіс есік пен табалдырықтың талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты заң бұзушылықтар анықталды, сонымен қатар нысан аумағында тактильді жолдардың жоқтығы, мүгедектігі бар азаматтардың көліктеріне  арналған автотұрақ қарастырылмаған.

Тексеру қорытындысы бойынша санаторий басшысына анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осылайша аталған шипажайға ем алуға келетін мүгедеетігі бар жандардың құқықтары қорғалды.

Мемлекеттік әлеуметтік инспекторлар институты енгізілгенге дейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық департаменттері 2023 жылдың бірінші жартыжылдығына 750 тексеру, анықталған бұзушылықтарды жою туралы 533 ұйғарым шығарылып, 44 млн теңгеден астам сомаға 233 айыппұл салынған.

«Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап әлеуметтік инспекторларды енгізу халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтарын уақтылы қорғауға мүмкіндік беріп қана қоймай, мүгедектігі бар азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Еңбек министрлігі.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×