Биыл Алматыда инватакси қызметіне жергілікті бюджеттен 946 млн теңге бөлінді.
Алматыда Яндекс.Такси агрегаторы арқылы инватакси қызметін көрсететін жоба іске қосылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Пилоттық жоба шілде және тамыз айларында жұмыс істейді. Жобаның нәтижесі оң болған жағдайда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі НҚА-ға тиісті өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр.
«Биыл жергілікті бюджеттен инватаксилер санын 100 көлікке дейін арттыруға 946 млн теңге бөлінді, ал жол жүру құны көлік қозғалысы мен ауа райы жағдайына қарамастан бір сағаттық жол жүру үшін 2700 теңгеден 3300 теңгеге дейін», — деді С. хабар дейді.
Агрегатор арқылы инватакси қызметтерін алу үшін мүгедектігі бар жандарға қолданыстағы инватакси қызметін жеткізушілері арқылы рұқсат алу қажет:
«Inclusion.kz» ҚБ– мүгедектігі бар, кресло-арбамен жүретін адамдар үшін;
«ЦРУ Инватакси» ЖШС — мүгедектігі бар жандар арбасында жүретін балаларға;
«Social Project Organization Group» ҚБ — аутизмі бар балаларға арналған;
«Денсаулық зор байлық» – көру қабілеті бұзылған балалар мен ересектерге арналған.
Мүгедектігі бар тұлғалар «Яндекс.Такси» қосымшасы арқылы өздеріне ыңғайлы уақытта арнайы әзірленген Inva тарифі арқылы инватакси қызметіне тапсырыс бере алады. Қызметтерді біркелкі ұсыну үшін шектеу енгізіледі-бір адамға екі сапарға дейін.
Айта кетейік, Яндекс.Такси көліктерінде әзірге мүгедектігі бар жандарды арбамен тасымалдауға арналған арнайы құрал-жабдықтар болмайды. Олар арбаны жүксалғышқа бүктей алатын болса, қызметті пайдалана алады.
«Егер арбадан орындыққа ауыстыру мүмкіндігі болмаса, онда қызмет мамандандырылған көлігі бар инватакси жеткізушісімен көрсетілетін болады», — деп түйіндеді Алматы әкімдігі.