Now Reading
Абай облысындағы жаңа үйлер адамдардың тұруына қауіпті болып отыр
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Абай облысындағы жаңа үйлер адамдардың тұруына қауіпті болып отыр

Абай облысындағы жаңа үйлер адамдардың тұруына қауіпті болып отыр

Абай ауданында жаңа жалдамалы үйлердің тұрғындары денсаулықтары үшін алаңдауда. Гипсокартон қабырғалары ауада ілінгендей, ал еден болса аяқтардың астынан қозғалып жатқан күйде. Тұрғындардың айтуынша  мемлекеттік бағдарлама бойынша берілген баспаналар оларға бірден тұруға жарамсыз болып көрінген, бірақ шенеуніктер халыққа мердігер уақыт өте келе бәрін жөндеп береді деп уәде беруде. 

Жалға берілетін үйлер аудан орталығының шетінде болса да, көз қызғарлықтау болуы тиіс еді. Ауылдың кіре берісінен бірден жарқыраған қасбеттер көзге ілінеді. Бұл үйлер үш жыл бұрын көп балалы және аз қамтылған азаматтарға арналып мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған болатын. Тұрғындар біртіндеп қоныстанған еді. Бірақ ізгі ниетпен басталған іс ақыры үлкен жанжалға ұласты. Баспанаға қоныстанған көп балалы аналар сәбилерімен өмір сүруге мәжбүр болған жағдайдың қаншалықты дәрежеде екендігін алға тартады.

«Әрең қыстап шықтық. Үш рет пеш жарылып, үш рет ауыстырдық. Осы пештен күйе, судың бәрі шығып ойран топырымыз шықты. Пешті жамап дәнекерлеген де едік. Оның үстіне түк пайдасы болмады! Жан-жағынан су ағып шықты. Бізде интернет мүлде жоқ, электр жарығы да жоқ», — дейді Анна Семилетова.

Үй кілтін алғандардың бірі – Динара Қалкенова. Қазір көп балалы отбасы қонақүйде немесе ауладағы киіз үйде күнелтуде. Өйткені сапасыз үйде өмір сүруге қорқады.

«Былтыр барлық едендер жарылып қалды. Еденді ашып қайта құйып шықтық. Ол құрғаған соң бәрі қайтадан жарылып қалған. Қыс бойы осылай қиналып шықтық. Бұл жолы бәрін қайта ауыстырдық. Мен екі апта болды қонақүйде тұрамын. Заттарымның бәрі бізде киіз үйде жиналып түр. Барлық жиһаздарым жаңадан алынған болатын. Үйге жөндеу жұмыстарын жасап едім, бәрі далаға кетті», — деп ренішін білдірді Динара Қалкенова.

Тұрғындардың айтуынша, бұл үйлер сыртынан әдемі көрінеді. Бірақ үйдің ішінде құрылыс нормаларын  сақтамай салғанын көруге болады. Тіпті қабырғалары әрең тұр деуге болады. Қаншама заң бұзушылықтары бар үйлерді кім және қалай қабылдап алғаны белгісіз. Бірақ шенеуніктер тұрғындардан сабыр сақтауды сұрап, кемшіліктер түзетілетініне уәде беруде.

«Қазір 11 үйде көптеген мәселелер бар. Үй салған мердігердің кепілдік мерзімі үш жыл. Біз оларды шақырдық. Қазіргі уақытта бес үйге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазір алтыншы үйді жөндеуде», — дейді Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Дәурен Қойгелдин.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×