Now Reading
Елордада кедейлік шегінің мөлшері анықталды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Елордада кедейлік шегінің мөлшері анықталды

Елордада кедейлік шегінің мөлшері анықталды

Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Таласова Астана қаласының Коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында елордадағы кедейлік шегінің мөлшерін жариялап, атаулы әлеуметтік көмектің тағайындалуына тоқталды.

Баяндамашының айтуынша, ағымдағы жылдың 3 тоқсанында Астана қаласы бойынша кедейлік шегінің мөлшері 37 317 теңгені құрады. Отбасының немесе жеке адамның әлеуметтік жағдайына байланысты көмек шартсыз және шартты болып екі түрге бөлінеді.

«Ағымдағы жылдың басынан бері атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) 2809 отбасына (13,8 адам), оның ішінде 1361 көп балалы отбасына (8,6 мың адам) тағайындалды. 2022 жылы игерілді – 2071,8 млн.теңге. 2021 жылы 5 095 отбасына (24 мың адам) 2,1 млрд теңге сомасында АӘК төлемдері төленді. 1 905 көп балалы отбасы (4 тоқсан – 2 766 отбасы (13,2 мың адам). 2023 жылға АӘК жоспары 24 500 адамға 1 852,2 млн теңгені құрайды», — деді Айгүл Таласова.

Басқарма басшысының орынбасары ағымдағы жылы АӘК алушылардың саны 2019 жылмен салыстырғанда 2,3 есеге (9,4 мыңнан 4 мың отбасыға) азайғанын атап өтті. Қосымша бір жастан алты жасқа дейінгі (қоса алғанда) әрбір бала үшін жасалады.

«Жыл басынан бері АӘК алушылар арасынан 4 562 балаға (2 441 отбасы) 1,5 АЕК (5 175 теңге) мөлшерінде қолдау ретінде қосымша төлем белгілеу арқылы ақшалай төлем түрінде монетизация жүргізілді. Бұл АӘК алатын отбасыларға азық-түлік пакеттерін өз бетінше сатып алуға мүмкіндік берді. Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 120-бабына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан азаматтары, қандастар, босқындар, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар атаулы әлеуметтік көмек алуға құқылы», — деп толықтырды ол.

Қазақстан Республикасындағы кедейлік шегінің мөлшерін мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктеріне қарай пайыздық есеппен жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің негізінде уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтынын атап өткен жөн.

АӘК тағайындау мәселесін қарау үшін Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 14-үй мекенжайында орналасқан «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығына жүгіну қажет (тел. 27-23-23) немесе электрондық үкімет порталы арқылы өтінім беру.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×