Now Reading
1 тамыз – бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдаудың соңғы күні
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > 1 тамыз – бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдаудың соңғы күні

1 тамыз – бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдаудың соңғы күні

Қазақстан Республикасы Білім министрлігі Орта білім комитетінің мәліметінше, 1 тамызда бірінші сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды қабылдау аяқталады. Еске салайық, азаматтарға ыңғайлы болу үшін балаларды мектепке қабылдау қызметі автоматтандырылған және egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Бірінші сыныпқа балалар ата-анасының немесе оқушының заңды өкілінің жеке өтініші негізінде 6 жастан бастап қабылданады. Тіркелу үшін сізге қажет:

— баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;- 026/у-3 нысанындағы денсаулық жағдайы туралы құжат;- 065/у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы құжат;- екі дана көлеміндегі 3х4 өлшемдегі фотосуреттер. Айта кетейік, бірінші сыныпқа қабылдау 1 сәуірде басталды. Төрт айда 350 453 өтініш түскен. Бірінші сыныпқа қабылданған балалардың 71,2 пайызы қазақ тілінде оқытатын мектептерді таңдаған. Алдын ала бағалаулар бойынша, жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа 410 мыңнан астам бала барады.

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...