Now Reading
Елордалық дәрігерлер болашақ ананың жүктілігін сақтай отырып, көлемді ісікті алып тастады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Елордалық дәрігерлер болашақ ананың жүктілігін сақтай отырып, көлемді ісікті алып тастады

Елордалық дәрігерлер болашақ ананың жүктілігін сақтай отырып, көлемді ісікті алып тастады

Астанадағы Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлері жүктіліктің 6,5 айында әйелге микрохирургиялық ота жасады. Нейронавигацияны қолдана отырып, көлемді ісікті алып тастады. Ота сәтті өтті, жағдайы жақсарды, барлық функционалдық және қозғалыс қабілеттері сақталды, науқас бала көтеруді жалғастыруда және шығаруға дайындалуда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қалалық филиалына сілтеме жасап.

Фото: gov.kz

Науқас Астанаға Түркістан облысынан келген. Ол жүктілік кезінде жиі құсып, басы ауыратынына, құрысу болатынына шағымданған. Дәрігерлер миды МРТ-ға түсіріп, онда көлемді киста ісігін анықтайды. Бұл жағдай Ұлттық нейрохирургия орталығы дәрігерлерінің консилиумында талқыланып, жүкті әйелге Нейрохирургия орталығында ота жасау туралы шешім қабылданды.

Әйел санавиация желісі бойынша орталыққа жеткізіліп, Ұлттық орталықтың мықты мамандары ота жасады.

 

«Біздің орталықта мидың күрделі диагноздары бар жүкті әйелдерге ота жасалады, олардың арасында қатерсіз және қатерлі ісіктер бар. Бұрын осындай жағдайлар кезінде жүктілікті тоқтату ұсынылатын, қазір жағдай түбегейлі өзгерді.

Ұлттық нейрохирургия орталығында жүкті әйелдерге ота жасап, отадан кейін бала көтеруді жалғастыратын жағдайлар жиі кездеседі. Сондай-ақ, біздің орталығымызда симультантты оталар жасаған да, яғни екі бригада – нейрохирургтар мен акушерлер тобы жұмыс істеп, әйелді босандырып алған бірнеше жағдай да болды», — дейді ҰНО профессоры, Ми патологиялары нейрохирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі Нұржан Рыскелдиев.

 

Ота емделушіге МӘМС аясында жүргізілді. Оған ми діңінің қысылуымен оң жақ церебральды гемисфераның көлемді цистикалық-қатты ісігі диагнозы қойылды. Кистаның мөлшері 5 см*3,5 см-ге жетті.

Ол миды қысып, науқастың жағдайына әсер етті.

«Біз микрохирургиялық ота жасадық — нейронавигацияны қолдана отырып, кистаны алып тастадық. Ота науқасқа МӘМС шеңберінде квота бойынша жүргізілді.

Ота сәтті өтті, жағдайы жақсарды, барлық функционалдық және қозғалыс қабілеттері сақталды, науқас бала көтеруді жалғастыруда және шығуға дайындалуда», — деді емдеуші дәрігер, нейрохирург-дәрігер Мұратбек Тілеубергенов.

 

Қазір әйел жүктіліктің 26 аптасында.

«Отаға дейінгі, отадан кейінгі емдеу және отаның өзі МӘМС арқасында тегін жүргізілді. Отадан кейін аурудың барлық айқын белгілері жоғалып кетті, сондықтан мен қуаныштымын. Енді мен жүктіліктің қандай екенін сеземін», — дейді Түркістан тұрғыны.

 

Айта кету керек, жыл сайын Ұлттық нейрохирургия орталығында 4500-ден астам ота жасалады, оның 90%-ы МӘМС шеңберінде орындалады.

 

 

 

 

 

 

 

+1
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×