Now Reading
Астанада түнгі автобустар іске қосыла ма?
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Астанада түнгі автобустар іске қосыла ма?

Астанада түнгі автобустар іске қосыла ма?

Астана әкімдігі тұрақты түнгі экспресс маршруттарды іске қосуды жоспарлап отырған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бізде CTS компаниясы, көлік бөлімі бар, олармен бірге жұмыс істейміз. Біз қызмет көрсететін барлық бағыттарды, сондай-ақ жолаушылар ағынын қарастырамыз. Бүгінгі таңда түнгі бағыттарды іске қосуды мақсатқа сай емес деп санаймыз, өйткені олар пайда әкелмейді, жолаушылар тасымалы болмайды, бұл да шығынға әкелуі мүмкін», — деді Астана коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихаты барысында журналистердің сұрақтарына жауап берген №1 автобаза басқармасының төрағасы Медет Шақаев.

Еске салайық 2017 жылы Астанада 200, 201 түнгі экспресс-маршруттардың қозғалысы сұраныстың жоқтығына, жолаушылар ағынының аздығына байланысты тоқтатылған болатын.

Осы ретте былтыр мұсылмандардың қасиетті Рамазан айында елордада түнде тегін автобустар жүрген болатын.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...