Now Reading
Мемлекет азаматтардың қандай санаттарына міндетті медициналық сақтандыру жарналарын төлейді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Мемлекет азаматтардың қандай санаттарына міндетті медициналық сақтандыру жарналарын төлейді

Мемлекет азаматтардың қандай санаттарына міндетті медициналық сақтандыру жарналарын төлейді

Халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына медициналық қызметтер қолжетімді болуы үшін қандай жұмыстар атқарылуда? Бұл сауалға ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жауап берді.

 

«Мемлекет халықтың әлеуметтік осал топтарындағы азаматтардың 15 жеңілдікті санаты үшін міндетті медициналық сақтандыруға жарна төлейді», — деп хабарлады ведомство тілшісінің сауалына.

 

Сонымен, бұл 15 санатқа мыналар кіреді:

 

1) балалар;

 

2) жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;

 

3) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;

 

4) осы тармақтың 5) тармақшасында көзделген адамдарды қоспағанда, баланы (балаларды) үш жасқа толғанға дейін тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі);

 

5) жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, баланы (балаларды) ол үш жасқа толғанға дейін күтуге байланысты демалыста жүрген адамдарға;

 

6) мүгедекігі бар балаға күтім жасайтын жұмыс істемейтін адамдар;

 

7) бірінші топтағы мүгедектігі бар жандарға күтім жасайтын жұмыс істемейтін адамдарға;

 

8) зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

 

9) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде (қауіпсіздігі ең төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар;

 

10) тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға, сондай-ақ үй қамағына алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жұмыс істемейтін адамдар;

 

11) жұмыс істемейтін қандастар;

 

12) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар;

 

13) мүгедектігі бар жандар;

 

14) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алатын тұлғалар;

 

15) жұмыс істемейтін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×