Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде әлеуметтік төлемдер бойынша жеке кабинеттеріндегі деректердің дұрыс еместігіне шағымданғн болатын. Кейбір қазақстандықтар төлемнің жоқтығын байқаса, басқаларының төлемдері екі еселенген болған.
ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде түсіндіргендей, зейнетақымен қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамаға сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Мемлекеттік кірістер комитетіне күн сайын келіп түсетін, қате аударылып кері қайтарылатын әлеуметтік төлемдер мен мемлекеттік кірістер тізілімін ұсынады.
«Мемлекеттік корпорация 23 маусымда комитетке 2023 жылғы 22-23 маусымдағы әлеуметтік төлемдер тізілімін қате жіберген, бұл төлеушілердің жеке шоттарында әлеуметтік төлемдердің екі еселенген сомасының қалыптасуына әкеп соққан. 27 шілдеде 23 маусымдағы әлеуметтік төлемдер тізілімі Мемлекеттік корпорацияның 23 маусымға әлеуметтік төлемдерді тіркеу комитетіне қайта жіберуінен жойылды», — деп түсіндірді Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.
Анықталғандай қазіргі уақытта 22-23 маусымға аударылған әлеуметтік төлемдер сомалары төлеушілердің жеке шоттарында дұрыс көрсетілген.