Прокуратура балалар лагерлерінің жұмысындағы заң бұзушылықтар туралы мәлімдеді. Алматы облысында 22 балалар лагерінің 8-і өз қызметін уәкілетті органдардың рұқсатынсыз, санитарлық-эпидемиологиялық және өртке қарсы ережелерді бұза отырып жүзеге асырған.
Әрбір екінші балалар мекемесінде ойын алаңдары мен спорт алаңдарының қауіпсіздік талаптарының сақталмағаны анықталды. Барлық жатақханалар күрделі жөндеуді қажет етеді.
4 балаға арналған бөлмелерде іс жүзінде 8 немесе одан да көп адам орналастырілған.
«Қонаев қаласындағы «Бәйтерек» лагерінде балалардың демалысы мен білім алуы мемлекеттік сатып алу туралы келісімнің талаптарына қайшы, дұрыс ұйымдастырылмаған. Қапшағай су қоймасында балалардың суға түсуі кезінде олардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілмеген. Сонымен қатар лагерь директоры жұмыс орнында мас күйінде болған. Директор ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — делінген Бас прокуратураның хабарламасында.
Тексеру нәтижелері бойынша балалар лагерьлері әкімшілігінің кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі өз міндеттерін орындамауына байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің «Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттер» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.