М.Қозыбаев атындағы СҚУ 3 курс студенті тек бірінші қабатта өтетін сабақтарға қатыса алады. Бірақ осы бірінші қабатқа жету де ол үшін неше жылдан бері шешімін таппай келе жатқан үлкен мәселелердің бірі.
Еленаның бала кезінен мүгедектігі бар. Оның туа біткен даму ауытқуы бар. Елена мектепке бармады, үйден оқыды. Бірақ университетке күндізгі бөлімге оқуға түскен. Қоғамда көбірек болып, педагог-психолог ретінде білім алғысы келген. Алайда университетке түскеннен кейін ол тағы бір үлкен мәселелермен бетпе-бет келген.
«Мен университетке 2020 жылы оқуға түстім, оқу басталғанда корпустардың арбаға бейімделмегендігіне тап болдым. Пандустар, рельстер бар, бірақ оларға арба сыймайды. Менің арбам ғана емес, ешбір арба түрі сыймайтын етіп жасалыпты. Олар тек көз бояушылық ретінде жасалған сияқты. Ғимараттың кіреберістері биік, баспалдақтары көп етіп жасалған екен. Үш жыл бойы ғимаратқа кіруге маған студенттер көмектесіп келеді, кейде мұғалімдер көмектеседі. Мен бұл мәселені мүмкіндігінше барлық жерлерде айтып жұрмын. Мен инклюзия орталығына да, журналистерге де жүгіндім. Мен қанша тырыссам да, бұл мәсілі еленбей келеді. Инклюзия орталығында маған пандус қойып уәде берген болатын. Бірақ осымен үш жыл өтті, әзірге ештеңе өзгерген жоқ. Мен тек бірінші қабаттарда оқимын, бірақ мен үшін оған да жету қиын», — дейді Елена.
Университет Елена үшін оның тобының сабақтарын бірінші қабатта өткізілетін етіп жасаған. Бойжеткеннің оқуды аяқтауына бар болғаны бір жыл қалды және ол енді ғимараттардың қолжетімділігіне қатысты жағдайдың өзгеретініне сенбейді.
«Мәселені шешудің ең тиімді жолы – рельстер арасындағы еңіске жай ғана бетон құю керек болатын. Мұны үш жыл бойы істемеген, енді жасалмайтын да шығар. Бірақ менен кейін де мұндай мұқтаж адамдар болады ғой, сондықтан мұны тезірек істеу керек. Мысалы мен мұндай проблемалармен күресудің жолдарын табамын, көмек сұраймын, бірақ мұны психологиялық тұрғыдан бәрі бірдей жасай алмайды», — дейді студент.
Елена ешқашан университет ғимараттарының жоғарғы қабаттарында болған емес және енді бұл туралы армандамайды. Оның қалада жүруі де қиын. Әсіресе қазір жаңа бордюрлер жасалып жатқан жерлерде жүру тіпті мүмкін емес. Биліктегілер қозғалысы шектеулі адамдар туралы мүлде ойламайды, дейді бойжеткен.
Неліктен университет мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімсіз екенін «АМАНАТ» партиясының филиалында анықтауды жөн көрдік. Партияда облыстағы ғимараттардың қолжетімділігі бірнеше жылдан бері қадағаланып келеді.
«Қазір университеттегі ғимараттардың көпшілігі кеңестік кезеңде салынған. Сондықтан жобалау кезінде мүгедектігі бар адамдар үшін қол жетімділік мәселесі есепке алынбаған. Университет үшін бұл қазір үлкен мәселе болып отыр. Қазіргі уақытта барлығы, оның ішінде қимыл-қозғалысы шектеулі жандар да сапалы білім алғысы келеді. Бі, «АМАНАТ» партиясы, университетте бірнеше рет болдық, оқу ғимараттарын тексердік. Көптеген сәйкессіздіктер анықталды. Көптеген ғимараттарда мұндай қолжетімділік қол жетімді емес, кейбіреулерінде мүгедектігі бар адамдарға арналған дәретхана бар, бір жерде тактильді жолақтар бар. Осының бәрін жазып алып, университетке жібердік. Биылғы жылы құзырлы органдардың кезекті тексеруі кезінде университетке ұйғарым шығарылған», — деді «АМАНАТ» партиясы «Болашақ» филиалының жауапты хатшысы Александр Зель.
Оның айтуынша мәселені шешуде өзгерістер пайда болған. Университет басшылығы барлық оқу ғимараттарының қолжетімділігі үшін жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеген.
Бүгінгі таңда рәсім аяқталып, мәселе университеттің бюджеттік комиссиясының қарауына шығарылады. Ол ақша бөліп, кейбір жұмыс түрлеріне тендер жариялауы керек. Жақында университеттің көптеген оқу корпустары күрделі жөндеуден өтеді. Бастысы қазір де күрделі жөндеу жұмыстары кезінде де бір жұмыс орындалатын болып шықпасын. Қарастырылып жатқан ЖСҚ сәйкес, онда мүгедектігі бар азаматтар үшін қолжетімділік жасау шаралары қарастырылған», — деді Александр Зель.
Мүгедектігі адамдар арбасындағы студенттерге жоғары қабаттарға жету туралы әзірге сөз қозғай алмаймыз. Ол үшін ішкі сәулетті, баспалдақтардың орналасуын да қайта қарастыру керек.
М.Қозыбаев атындағы университетте ерекше білім алу қажеттіліктері бар 33 студент білім алады.
Жоғары оқу орнында қозғалу мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін тек екі ғимарат қана қол жетімді. Бұл жаңа оқу-зертхана ғимараты мен бассейн ғимараттары.