Now Reading
Жамбылдық мектеп оқушылары адам өмірін құтқаратын сағат жасап шығарды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Жамбылдық мектеп оқушылары адам өмірін құтқаратын сағат жасап шығарды

Жамбылдық мектеп оқушылары адам өмірін құтқаратын сағат жасап шығарды

Жамбыл қаласында мектеп оқушылары адам өмірін құтқаратын сағат жасап шығарды. «Екінші жүрек» деп аталатын сағат инсульт, инфаркт және басқа да сіреспе аурулары бар науқастарға арналған.

Сағат иесінің жүрек соғысы мен қан қысымын бақылайды, адам өміріне қауіп төнген жағдайда сигнал береді.

Бұл смарт сағатты облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицейдің тоғызыншы сынып оқушысы Дулат Исабек пен сегізінші сынып оқушысы Әдия Тұрсынбай ойлап тапқан.

Сағаттың дене температурасын, қандағы оттегінің пайызын және жүрек соғу жиілігін бақылау функциялары бар.

Сондай-ақ олар науқас құлап, қозғалмай қалса, туысқанына немесе жедел жәрдемге дабыл жолдайды.

Ең бастысы — науқастың мекен-жайы мен орналасқан жерін нақты анықтау.

Оқушылардың өнертабысын сынау үшін портативті құрылғы арқылы кардиологтар мен науқастарды динамикалық бақылау жүргізілді.

Алдағы уақытта Дулат пен Адия сағатты үнемі киюге ыңғайлы ету жолдарын қарастыруда.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...