Қарағанды қаласындағы Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында уланған алты бала тұрақты ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр.
«Бүгін үш баланы үйден шығару жоспарлануда. 7 тамыздағы жағдай бойынша жансақтау бөлімінде алты бала жатыр. Нейробоксты бөлімшеде науқастар (үш бала) динамикасы тұрақты, нашарлаусыз, бір қалыпты. Барлығы тоғыз науқас жатыр, екеуі балалар ауруханасында жансақтау бөлімінде, қалған жетеуі облыстық клиникалық аурухананың жұқпалы аурулар орталығында», — деп хабарлады дүйсенбіде Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы.
Еске салайық 2023 жылғы 30-31 шілдеде Қарағанды облысының Балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына баратын 12 мүмкіндігі шектеулі бала Қарағанды қаласының көпсалалы балалар ауруханасына жатқызылды. 2023 жылдың 31 шілдесінде олардың бірі 2009 жылы туған мүгедектігі бар бала қайтыс болды.
1 тамыз күні АӘҚ орталығынан тағы екі бала медициналық көмекке жіберілді. Осылайша бүгінгі таңда ауруханада мүгедектігі бар 13 бала жатыр. Қарағанды облысының орталығында жоғарыда аталған 13 баладан басқа тағы 147 мүгедектігі бар бала тұрады, 42 бала күндізгі күтімді (келіп-кетіп жүріп) бөлек алады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитеті Қарағанды облысындағы балаларды АӘҚ-пен қамтамасыз ету орталығын тексереді.