Now Reading
Астана денсаулық сақтау басқармасының басшысы ауысты
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Астана денсаулық сақтау басқармасының басшысы ауысты

Астана денсаулық сақтау басқармасының басшысы ауысты

Әлия Рүстемова Астана денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды, — деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Рүстемова Әлия Шайзадақызы Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы болып тағайындалды», — делінген хабарламада.

Әлия Рүстемова — Алматы мемлекеттік медицина институтын «Жалпы медицина» мамандығы бойынша, Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған, медицина ғылымдарының докторы, бұған дейін Астана қаласының №3 көпсалалы қалалық балалар ауруханасын басқарған.

Еңбек жолын Алматы облысы Талғар аудандық ауруханасында жалпы тәжірибелік дәрігер болып бастады. Бірнеше жыл Алматы, Талдықорған, Қызылорда, Петропавл және Астана қалаларының денсаулық сақтау саласында қызмет етті.

2018 жылдың маусымынан 2022 жылдың тамызына дейін елордалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...