Now Reading
Атырауда балаларға арналған түзету орталығы ашылады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Атырауда балаларға арналған түзету орталығы ашылады

Атырауда балаларға арналған түзету орталығы ашылады

Атырауда психикалық ауытқулары бар балаларға арналған түзету орталығы ашылады.

 

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетовтың айтуынша, №3 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының базасында ашылатын күндізгі стационар бір уақытта 30 адамға қызмет көрсете алады. Жаңа мекемеде №3 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының емделушілерінен бөлек, аутизм және церебральды сал ауруына шалдыққан, сондай-ақ тірек-қозғалыс аппаратында ақауы бар балалар тегін емделе алады.

 

Мамандар балалармен жеке жұмыс жасайды. Әр балаға арналған стандарт күніне үш сағатты құрайды. Нәтижесінде әрбір бала 45 күндік емдеу курсынан өтеді.

«Орталық мамандары толықтай қайта даярлаудан өтті. Алдағы уақытта қажет болған жағдайда қызметкерлер құрамын кеңейту қамтамасыз етіледі. Күндізгі түзеу стационарының бір бөлімшесіне күрделі жөндеу жүргіздік. Қазіргі уақытта барлық құрылыс жұмыстары аяқталды. Қажетті құрал-жабдықтарды орнатқаннан кейін қыркүйек айында ашуды жоспарлап отырмыз», – дейді №3 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының басшысы Анар Маратова.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...