Now Reading
Атырау облысының кәсіпкерлері азық-түлік тауарларының бағасын заңсыз көтерді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Атырау облысының кәсіпкерлері азық-түлік тауарларының бағасын заңсыз көтерді

Атырау облысының кәсіпкерлері азық-түлік тауарларының бағасын заңсыз көтерді

Атырау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын заңсыз өсірген кәсіпкерлер анықталды.

 

Облыс әкімінің орынбасары Марат Мұрзиевтің төрағалығымен Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері барлық баға тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

 

Комиссия отырысында облысқа әлеуметтік маңызы бар тауарларды әкелетін көтерме тасымалдаушылар арасында заң бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүргізілген талдау жұмыстарының қорытындысы қаралды.

 

«А» ЖК «В» ЖК-ден көкөністерді (картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат), қант, қарақұмық, тұзды арзандатылған бағамен сатып алып, «Ю» ЖШС-ке екі есе қымбатқа сатқаны анықталды. Осыған орай мамандар қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес шаралар қабылдады.

 

Айта кету керек, бүгінгі таңда комиссияның жүйелі жұмысының нәтижесінде азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз өсірген тоғыз кәсіпкерлік субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар қант өнімдеріне 41% үстеме бағаны қосып, қарақұмық жармасын екі есе қымбатқа сатты, сату үлкен көлемде жүргізілді.

 

Комиссия мүшелерінің шешімімен Атырау облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне алдағы уақытта бағаны тұрақтандыру жұмыстарын ұйымдастыру тапсырылды.

 

Анықтама үшін: «Сауда қызметін реттеу туралы» ҚР Заңының 9-бабына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушінің сату бағасының немесе көтерме жеткізушінің сатып алу бағасының 15%-нан аспайтын шекті сауда үстемесінің мөлшері белгіленеді.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×