Еңбек министрлігі халықты әлеуметтік қорғау саласындағы кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізді. Түзетулер жеке көмекшінің қызметі үшін төлем сомасына қатысты болды.
Мүгедектігі бар азаматтардың әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатып алған тауарларының және (немесе) көрсетілетін қызметтерінің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау әдістемесіне өзгерістер енгізілді. Енді жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерінің кепілдендірілген мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 13,64 пайызын есептеу негізінде айқындалады. Бұған дейін АЕК-тің 12 пайызы есепке алынатын.
Кепілдендірілген сомадан Әлеуметтік кодекске және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңға сәйкес міндетті зейнетақы жарналары және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары ұсталады.
Мүгедектігі бар азаматтарды оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес қозғалуы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар азаматтарға жеке көмекші қызметін көрсету қағидаларына да осындай өзгерістер енгізілді.
Ереженің 41-тармағында былай делінген:
Жеке көмекшінің қызметіне ақы төлеуді қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдері қызмет көрсетілген нақты уақыт үшін, бірақ Кодекстің 163-бабының 2-тармағына сәйкес тәулігіне сегіз сағаттан аспайды.
Жеке көмекшiнiң сағаттық қызметiне ақы төлеу тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 13,64%-ын есептеу негiзiнде есептеледi.
Осылайша бірінші топтағы мүгедектігі ар азаматақа жеке көмекші қызметінің кепілдендірілген құны сағатына (13,64 * 3 450)/100 = 470,58 теңгені құрайды.
Бұрын бұл сома (12*3450)/100 = сағатына 414 теңге болатын.
Бұйрық 2023 жылғы 22 тамызда күшіне енеді және 2023 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.