Now Reading
Неліктен қазақстандық зейнеткерлер жұмыс істеуге мәжбүр?
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Неліктен қазақстандық зейнеткерлер жұмыс істеуге мәжбүр?

Неліктен қазақстандық зейнеткерлер жұмыс істеуге мәжбүр?

Қазақстанда егде жастағы тұрғындардың саны жыл сайын артып келеді. Қазірдің өзінде мамандар 63 жастан асқандардың саны жалпы халықтың 8 пайызын құрайтынын айтып отыр. БҰҰ болжамдары бойынша бұл көрсеткіш 2050 жылы 2,2 есеге өседі. Сонымен қатар заңды демалысқа шыққан қазақстандықтардың барлығы ең төменгі 53 мың теңге зейнетақы ала бермейді. Оның үстіне көптеген зейнеткерлер ең болмағанда негізгі қажеттіліктерін үшін жұмыс істеуге мәжбүр.

Валентина 65 жаста, Шахтинск қаласында тұрады. Ол бірнеше жыл бұрын зейнеткерлік демалысқа шықты, бірақ материалдық жағдайының қиындығына байланысты жұмысын жалғастыруда.

«Біздің ұрпақтың басты мәселесі – біз ештеңеге ақша жинаған жоқпыз. Әрине заман қиын болды, сол 90-шы жылдары біз жай күнкөріс қамынан аса алмадық. 2000 жылдары балалар есейіп олардың оқуың төлеуге тура келді. Содан өте жоғары пайызбен несие алуға тура келді. Банк несиелерін төлеп жүріп, жылдардың қалай зымырап өткенін байқамай қалдым. Зейнетке шыққан соң өмір бойы жұмыс істесем де, кәрілік үшін ақша жинай алмағанымды түсіндім. Менің замандас көптеген достарым немесе туыстарым дәл осындай проблемамен өмір сүріп жатыр», — деді әйел.

Кейіпкеріміздің айтуынша ұзақ жылдар бойы жалақыны «конвертпен» алғандықтан, әлеуметтік және зейнетақы жарналары да болмаған. Сондықтан Валентина қарапайым айлық төлеммен зейнетке шыққан.

«Ол жылдары мен жұмыс берушінің міндетті ұстап қалуларының  қаншалықты маңызды екенін ойлаған да емеспін. Жұмысқа өтініш бергенде мен бұл тармақты нақтыламадым, ең бастысы жұмысқа тұру болды. Соңғы жылдары әлеуметтік аударымдар жұмыс таңдауда міндетті элементке айналды, өйткені қазір бұл туралы көп жазылады, әлеуметтік желілерде көп  бөліседі. Бұгінде бұл аударымдарды онлайн түрде тексеруге болады», — деп бөлісті ол.

Қазіргі уақытта Валентина дүкенде сатушы болып жұмыс істейді. Зейнетақысы тамаққа ғана жетеді. Үйдің шығындары, коммуналдық қызметтер сияқты шығындарды ол жалақысынан төлейді.

«Мен жұмыс істегім келмейді, бірақ жұмыссыз мен күн көре алмаймын. Бұл көмір, септик және басқа да көптеген тұрмыстық мәселелердің төлемі. Мен үйімді сатуды да ойладым, бірақ ол үй көп жыл бұрын салынғандықтан, оның құны тиын-тебен болады. Сондықтан мен үйіме аздап жөндеу жұмыстарын жасап, амалдап күн көргенім дұрыс деп шештім. Бұл жерде мен көкөністер мен жемістерді егіп, аз да азық-түлікті үнемдеуге мүмкіндігім бар», — деп қорытындылады Шахтинск қаласының тұрғыны Валентина.

Айлық табыс:

  Зейнетақы – шамамен 50 мың теңге;

  Жалақы – 80 мың теңге.

  Барлығы: 130 мың теңге.

Шығындар (ай сайын):

  Азық-түлік – 50 мың теңге;

  Жол жүру шығындары – 10 мың теңге;

  Тұрғын үйді күту, коммуналдық шығындарды қосқанда – 40 мың теңге;

  Тұрмыстық техниканы бөліп төлеу – 25 мың теңге.

  Барлығы: 125 мың теңге.

 «Балаларға көмектесу»

Марат 70 жаста, Астанада тұрады. Көп жылдар бойы арнайы техникаларды, оның ішінде комбайндарды, тракторларды жөндеу саласында еңбек етті. Зейнеткерлікке шыққан соң еңбек демалысына шығуды ойладым. Бірақ қазіргі азық-түлік бағасы мен ипотека бұл шешімді өзгертуге мәжбүр етті.

«Туған ауылда баламызға жұмыс болмағандықтан, қалаға көшуді ұйғардық. Онсыз да жалғыз өзіме үй шаруашылығын жүргізу қиынға соқты. Алған ақшамыз екі бөлмелі пәтерге ғана жететін еді. Бірақ ол кезде баламыз бойдақ болғандықтан, бізге жететін. Кейін ол үйленуге шешім қабылдады, біз үйімізді кеңейту керек деп шештік. Ұлымыз ипотекаға несие алып, біз үлкенірек пәтер алдық», — деді Марат. 

Қаржы мәселесі кейінірек зейнеткердің ұлы жұмыссыз қалған кезде басталған. Ипотекалық несиені төлеу қиынға соға бастағандықтан, Марат қосымша күзетшілік жұмыс тауып алған.

«Бұған дейін зейнетақым азық-түлікке жететін, немерелерімнің тәттілеріне ақша қалатын еді. Қазір бұл сомамен қажетті азық-түліктың жартысын да төлей алмайсың. Балам жұмысссыз қалған соң жағдай қиындай түсті. Балалар кішкентай болғандықтан келін әлі жұмысқа толық бара алмайтын болды, сондықтан өзіме қосымша жұмыс табамын деп шешім қабылдадым. Әрине менің ұлым отырған жоқ, қолы жеткен жерде жұмыс істейді, бірақ әзірге тұрақты негізде жақсы жалақысы бар жұмыс тапқан жоқ», — деп жауап берді Марат.

Зейнеткердің айтуынша, оған жұмыс істеу қиын емес. Енді ол ипотекалық несиені тезірек жауып, ұлы мен келіні бала тәрбиелеуде қиындық көрмесе екен деп ойлайды.

«Мен балаларыма мұндай күйзелісте өмір сүрмеу үшін қандай да бір жолмен көмектескім келді. Бірақ жасыма байланысты ресурстарым шектеулі, ал денсаулығым бұған мүмкіндік бере бермейді. Әрине, егер тұрғын үй бағасы қолжетімді болса, азық-түлік бағасы көтерілмесе, бәрімізге жеңіл болар еді. Ауылдарды, аудан орталықтарын дамытса тіпті керемет болар еді. Ауылымызда мүмкіндіктер, балалар мен жастарға инфрақұрылым көп болса, көшпес едік. Ал қазір жастарға жұмыс жоқ, тіпті мектеп те жабылып қалған. Сондықтан әрбір адам баласы мен немерелерінің болашағы үшін үлкен қалаларға барады», — деп түйіндеді Астана тұрғыны.

Айлық табысы:

  Зейнетақы – шамамен 70 мың теңге;

  Жалақы – 90 мың теңге.

Барлығы: 160 000.

Шығындары (ай сайын):

  Азық-түлік – 80 мың теңге;

  Ипотекалық несие (ұлына көмек) – 80 мың теңге

  Барлығы: 160 000 теңге.

Жұмыс үшін «кәрі»

Жанаргүл ең төменгі зейнетақы алады. 1994 жылға дейін мемлекеттік кәсіпорында жұмыс істеді. Декреттік демалыстан кейін ол ақша тапшылығына байланысты базарда сауда жасауды шешті.

«Мен іс жүргізуші болып жұмыс істедім, бұл жұмыс маған өте ұнады. Бірақ сол жылдары замандастарым сияқты мен жұмысымды базар үшін тастап кеттім, тауар сатумен айналыстым. Алматыдан, Бішкектен, Көкшетаудан тауар тасыдым. Базарда жүріп мен денсаулығымнан айырылдым», — деді әйел.

Базарда сауда жасағаннан кейін әйел әртүрлі жерлерге ресми түрде жұмыс істеуге әрекеттенген.

«Қоймашы да, әкімші де, көмекші мұғалім де болдым. Тіпті еңбек өтілім болғандықтан бала күтуші болып жұмыс істедім. Бірақ елімізде 50 жастан кейін жұмыс табу өте қиын, әсіресе ресми жасайтын жұмыс. Әртүрлі курстарда білім алдым. Барлық жерде тек жастар қажет. Жасым 60-қа жетпесе де, «кәрісіз» деп бетіме тіке айтатыны есімде», — дейді Жанаргүл.  

Жанаргүл жұмыс табу  мүмкін олмаған соң үйде отырып, қыздарына немере тәрбиесіне көмектесуді жөн көрді.

«Бір кездері кішкентай немерелеріме толыққанды күтуші болдым. Балалар таңертең немерелерді әкеліп, кешке алып кететін. Кешке қарай шаршадым, ертеңгі күннің тамағын әлі дайындадым. Бір кездері бұл менің туған немерелерім болса да, күні бойы бала күте алмайтынымды түсіндім. Қыздарыма мән-жайды түсіндірдім. Әрине, басында балаларым ренжіп,  бірақ уақыт өте олар түсініп, жағдайды қабылдады», — дейді әйел.

Жанаргүл биыл зейнетке шықты. Ол бүкіл жұмыс тәжірибесін растай алмаған. Оның еңбек кітапшасы жоғалған, бірақ оның кәсіпорындағы жұмысы туралы мұрағат құжаттары сақталмаған.

«Ең бастысы, менің баспанам бар. Әрине, көп үнемдеймін. Мен тек ең қажетті заттарды ғана аламын. Кейде балалар көмектеседі, бірақ мен олардан сұрамаймын. өзіме,себебі оларға да оңай емес. Осы күні тушпара, манты, котлет түріндегі жартылай фабрикаттар дайындайтын жұмыс тауып алдым. Кіріс аз, бірақ пайдалы болған ұнайды. Зейнеткерлерге ақша артық емес. Мен ақша жинағым келеді. достарыммен саяхат жасағым келеді. Мен де өзіме жаңа әдемі көйлек пен парфюмерия сатып алуды армандаймын», — дейді Жанаргүл.

Айлық табысы:

  Зейнетақы – шамамен 40 мың теңге;

  Қосымша жұмысы – 40 мың теңге.

Барлығы: 80 000 теңге.

Шығындары (ай сайын):

  Азық-түлік – 40 мың теңге;

  Жол жүру шығындары – 8 мың теңге;

  Коммуналдық қызметтер – 15 мың теңге;

  Дәрілік заттар – 20 мың теңге

Барлығы: 83 000 теңге.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×