Қазақстан бюджетінен жұмыс істемейтін ата-аналарға 21 миллиард теңгеге жуық жәрдемақы төленді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында бала күтімі бойынша төлемдердің мерзімі бір жарым жылға дейін ұлғайтылды. 2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша республикалық бюджеттен 107,2 мың адам 20,9 млрд теңге көлемінде жәрдемақы алды», — делінген дүйсенбідегі хабарламада.
Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан жұмыс iстейтiн ата-аналарға табысынан айрылу бойынша әлеуметтiк төлем 439,6 мың адамға 144,8 млрд теңгені құраған.