Now Reading
Мүгедектігі бар балаларға арналған күндізгі емдеу орталығында заң бұзушылықтар анықталды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Мүгедектігі бар балаларға арналған күндізгі емдеу орталығында заң бұзушылықтар анықталды

Мүгедектігі бар балаларға арналған күндізгі емдеу орталығында заң бұзушылықтар анықталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қонаев қаласында күндізгі емдеу орталығында заң бұзушылықтарды анықтады. Алдын ала қорытынды бойынша мекемеде біліктілігі жоқ мамандар жұмыс істеген, бейнебақылау камералары болмаған, орталықта оқитын церебральды сал ауруы мен аутизм диагнозы қойылған кішкентай балалар тамақтанбаған.

Ауыр диагнозы бар балаларды қабылдап, оқытатын күндізгі емдеу орталығы осыдан бірер ай бұрын ашылған. Осы уақыт бойы ата-аналар әкімшілікке хабарласып, мамандардың жұмысына шағымдануға тырысты. Ата-аналар мекеменің шалғай орналасқанына көңілі толмайтын еді.

«Орталық ашылғанда қатты қуандық. Мұндай мекеме бізге өте қажет, өйткені қалада мүгедектігі бар балалар көп. Менің балам, мысалы, спастикалық гиперкинезбен церебральды сал ауруымен ауырады, ол арбаға таңылған. Орталық қаладан бір сағаттық жерде орналасқандықтан, баламды ол жаққа апара алмаймын. Сондай-ақ денесі құрысып қалатын балалар бар. Мысалы бір балалардың  талмасы болса ше? Бастапқыда олар мүлдем басқа нәрсе уәде берген. Неліктен біздің пікірімізді ескермеген», – деп ашуланды Қонаев қаласының тұрғыны Назым Болатова.

Сондай-ақ ата-аналар орталықтың аумағы демалыс аймағымен жалғасып жатқанына алаңдайды. Алайда мекеме басшылығы бұл жағынан еш қиындық көріп отырған жоқ. Директордың айтуынша, ерекше қажеттіліктері бар балаларды күту үшін барлық жағдай арнайы стандарттарға сәйкес келеді.

«Құрметті ата-аналар, біз балаларымыздың игілігі үшін жұмыс істеп жатырмыз. Балаларымызға ыңғайлы болуы үшін барлық жағдай жасалған. Жеке ата-аналар жағдай ұнамаса, жеке түрде өтініш берсін», — дейді күндізгі емдеу орталығының директоры Римма Құлбаева.

Облыстық әлеуметтік бағдарламалар басқармасы осы аталған деректер бойынша тергеу амалдарын жүргізуде. Ал бұл тақырыпты журналистер жариялағаннан кейін жемқорлыққа қарсы қызмет мәселеге назар аудара бастады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер қызметі» жобасы аясында ата-аналардың арыз-шағымдары бойынша әлеуметтік нысанға мониторинг жүргізілді. Соның барысында әлеуметтік нысандағы ерекше балаларды қамтамасыз етуде бірқатар кемшіліктер анықталды. Алматы облысы әкімдігіне және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тиісті хаттар жібереміз», — деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктісі Бауыржан Исабаев.

Әкімдіктегілер тексеріс нәтижесі көпшілікке және балалардың ата-аналарына хабарланатынын айтты. Бүгінде Алматы облысында 40 мыңнан астам ерекше қажеттіліктері бар адам есепте тұрса, оның 6,5 мыңы балалар болып табылады.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×