Now Reading
Мүгедектігі бар қазақстандықтарға барлық жағдайды жасауға уәде берілді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Мүгедектігі бар қазақстандықтарға барлық жағдайды жасауға уәде берілді

Мүгедектігі бар қазақстандықтарға барлық жағдайды жасауға уәде берілді

Қазақстанда инфрақұрылым мен қызметтер ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін қолжетімді болуын қамтамасыз ететін стандарт әзірленуде.

 

«ҚазСтандарт» баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта «Мүгедектігі бар жандардың және халықтың басқа да мобильділігі төмен топтары үшін инфрақұрылым объектілері мен қызметтеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету талаптары» ұлттық стандарты әзірленуде.

 

«Стандарттың мақсаты – ұйымдар көрсететін қызметтерге де, инфрақұрылым объектілеріне де қолжетімділік шарттарын қамтамасыз ету болып табылады. Бұл ерекше қажеттіліктері бар адамдарға тәуелсіз өмір сүруге және қоғамдық өмірдің түрлі аспектілеріне белсенді қатысуға мүмкіндік береді деп ойлаймын», — деді «Инклюзивті қоғамды дамытудың Еуразиялық қауымдастығы» басқармасының төрағасы Вячеслав Пак.

 

Стандартты қалалық, әлеуметтік, көліктік инфрақұрылым қызметтерін көрсететін жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдармен қолданылатыны нақтыланады.

 

Стандарттың негізгі талаптары мыналарды қамтиды:

 

жергілікті атқарушы органдардың және халыққа қызмет көрсететін ұйымдардың объектілер мен қызметтердің қолжетімділігінің сапасын қамтамасыз ету шарттарын, қабылданған міндеттемелерді орындау бойынша жұмыстарды орындау және нәтижелерін бақылау тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді қабылдау;

 

мүгедектігі бар адамдар үшін объектілер мен қызметтердің қадамдық қолжетімділік шарттары туралы халықты хабардар ету. Әкімдіктердің, Халыққа қызмет көрсететін ұйымдардың ресми интернет-ресурстарында мүгедектігі бар адамдар мен халықтың мобильділігі төмен топтары үшін бар кедергілерді еңсеру үшін қолжетімділік шарттары, қызмет көрсету және қажетті ситуациялық көмек көрсету тәртібі туралы өзекті ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету;

 

мүгедектігі бар адамдардың басымдықтары мен қажеттіліктерін ескере отырып, қолжетімділік жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жоспарлау және жүзеге асыру кезінде мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерімен өзара іс-қимыл жасау.

 

Стандарт жобасы Қазақстанның барлық мүдделі тұлғаларын осы саладағы ұлттық стандартты әзірлеу үдерісіне белсенді қатысуға шақыра отырып, қоғамдық талқылау үшін «ҚазСтандарт» ресми сайтында орналастырылған.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×