Now Reading
Қазақстандағы әлеуметтік маңызы бар өнімдердің орташа бағасы
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстандағы әлеуметтік маңызы бар өнімдердің орташа бағасы

Қазақстандағы әлеуметтік маңызы бар өнімдердің орташа бағасы

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының индексі өткен аптада 0,2%-ға төмендеп, жылдық мән бойынша 7%-ға өсті, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімінде 19 атау бар. Баға мониторингі апта сайын жүргізіледі.

Бағалардың өзгеруі туралы ақпаратты жинау барлық облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалалар мен астанада жүргізіледі. Ол үшін елді мекеннің әр жерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар сауда объектілерінің әртүрлі түрлері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер және павильондар) таңдалады.

Қазақстан Республикасындағы ӘМТ тізіміндегі тауарлардың орташа бағасы /2023 жылғы 22 тамыздағы жағдай бойынша:

Бірінші сортты бидай ұны – 230 тг/кг

Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны – 187 тг/дана

Күріш тазартылған – 458 тг/кг

Қарақұмық – 335 тг/кг

Күнбағыс майы – 775 тг/кг

Тұздалмаған сары май – 3768 тг/кг

Сиырдың иық-кеуде бөлігі – 2460 тг/кг

Тауық еті – 1216 тг/кг

Сүзбе – 2066 теңге/кг

Кефир 2,5% — 413 тг/л

Макарон – 317 тг/кг

Қант — 430 тг/кг

Жұмыртқа — 455 тг/он

Картоп — 170 тг/кг

Пияз — 147 тг/кг

Сүт 2,5% — 374 тг/л

Сәбіз – 196 теңге/кг

Қырыққабат – 169 теңге/кг

Тұз — 65 тг/кг

Республика бойынша тауарларға орташа бағаларды есептеу астананың, республикалық маңызы бар қалалардың және облыс орталықтарының баға деңгейінен, қала бойынша – таңдалған базалық объектілердегі тіркелген бағалардың орташа геометриялық мәні есепке ала отырып жүзеге асырылады – дейді Статистика бюросы.

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...