Now Reading
Көкшетауда алаяқ өзін әлеуметтік қызметкер ретінде таныстырып, зейнеткерге миллион тенгеге несие рәсімдеді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Көкшетауда алаяқ өзін әлеуметтік қызметкер ретінде таныстырып, зейнеткерге миллион тенгеге несие рәсімдеді

Көкшетауда алаяқ өзін әлеуметтік қызметкер ретінде таныстырып, зейнеткерге миллион тенгеге несие рәсімдеді

23 жастағы күдікті Қазақстанның басқа қалаларында да зейнеткерлерді алдаған, деп хабарлады полиция.

 

Көкшетауда өзін әлеуметтік қызметкермін деп таныстырған алаяқ зейнеткерге миллион несие рәсімдеді.

 

61 жастағы зейнеткер полицияға оның атына 1,1 миллион теңгеден астам несие рәсімделгенін айтты. Құқық қорғау органдары ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

 

Қылмыс жасады деген күдікпен Қостанай қаласының 23 жастағы тұрғыны ұсталды. Тергеу барысында қыздың қарт әйелге өзін әлеуметтік қызметкер ретінде таныстырып, оған тамақ сатып алғаны анықталды. Кейін жәбірленушінің фотосуреттері мен ұялы телефонын иемденіп алған алаяқ оның атынан iPhone маркалы ұялы телефон мен екі құлаққап сатып алған.

Полицейлер қыздың осылайша тек Көкшетауда ғана емес, еліміздің басқа қалаларында да зейнеткерлерді алдағанын қосты.

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...