Денсаулық сақтау министрлігінің 2023 жылғы 17 тамыздағы бұйрығымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Осылайша, жарна төлеушілердің жаңа санаты – жеке көмекшілер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару тәртібін айқындайтын міндетті медициналық сақтандыру қағидалары жаңа ережелермен толықтырылды.
Жеке көмекші – қозғалуы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар жанды алып жүру, объектілерді аралау кезінде көмек көрсету қызметін көрсететін адам.
Жеке көмекшiге бюджет қаражаты есебiнен материалдық сыйақы төлеу кезiнде жеке көмекшiлерден жарналарды есептеудi (ұстап қалуды) және аударуды жергiлiктi атқарушы органдар немесе өзге де заңды тұлғалар жүзеге асыратыны көрсетiлген.
Жеке көмекші азаматтық құқықтық келісімдері бойынша кіріс алған кезде, міндетті медициналық сақтандыруға жарналар осы келісімдер бойынша барлық есептелген кірістерден ұсталады.
Бұл ретте жарналарды есептеу үшін ай сайынғы табыс ең төменгі жалақының 10 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс.
Жеке көмекшілердің жарналарын аудару ай сайын жүзеге асырылады.
Бұйрық 2023 жылғы 9 қыркүйекте күшіне енеді.