Now Reading
Қазақстанда студенттердің шәкіртақы мөлшері қаншаға өсті?
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстанда студенттердің шәкіртақы мөлшері қаншаға өсті?

Қазақстанда студенттердің шәкіртақы мөлшері қаншаға өсті?

Қазақстанда колледж студенттерінің шәкіртақы мөлшері 50%-ға өсті. Бұл туралы 2023 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Колледж студенттерін ынталандыру мақсатында 2023 жылдың қыркүйегінен бастап шәкіртақыны кезең-кезеңімен арттыру қарастырылған:

• 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап – 50%-ға,

• 2024 жылы 100%-ға дейін өсу жоспарлануда.

«Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын студенттерге әлеуметтік қолдау – шәкіртақы, тамақ және жолақы беріледі. Сондай-ақ жаңа оқу жылында колледж студенттері үшін 2,5 мың орындық 13 жаңа жатақхана ашылады», — деді Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше 190 мың колледж студенті жаңа оқу жылын бастап жатыр, оның 133 мыңы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқиды. Кәсіпорындардың сұранысы бойынша – 10 мың студент білім алады.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биылғы жылы мемлекеттік білім беру тапсырысы 50 мың орынға ұлғайтылды. Квота санаты бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 75 мың студенті оқитын болады»-деп жазады Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомство мемлекеттік тапсырыстың техникалық мамандықтарға қайта бағдарланғанын атап өтті. Олардың қатарында геология, энергетика, металлургия және машина жасау, көлік, IT, құрылыс, педагогика және медицина сияқты салалар бар.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×