Now Reading
2024 жылы еңбекке жарамдылығынан және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы ұлғайтылады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > 2024 жылы еңбекке жарамдылығынан және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы ұлғайтылады

2024 жылы еңбекке жарамдылығынан және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы ұлғайтылады

Еңбек министрлігі «2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін ұлғайту туралы» Үкімет қаулысының жобасын әзірледі.

«2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған еңбекке жарамдылығынан және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері алынған әлеуметтік төлемдер сомасының 7 пайызына ұлғайтылсын», — делінген қаулы жобасында. 

Құжат Әлеуметтік кодекстің 11-бабының 2) тармағын іске асыру, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін және республикалық бюджет есебінен төленетін мемлекеттік әлеуметтік төлемдердің мөлшерін ұлғайту тәсілдерінің бірлігін қамтамасыз ету мақсатында әзірленген. Қаулы қабылданған жағдайда 2024 жылдың 1 қаңтарынан ерте емес күшіне енеді.

Жоба 2023 жылдың 15 қыркүйегіне дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА порталында орналастырылған.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...