Елордада 7 қыркүйекте «Жастар» сарайында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Жәрмеңкеде халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында үміткерлерге әртүрлі мамандықтар бойынша 650-ден астам бос жұмыс орындары ұсынылады.
Шара 7 қыркүйек күні сағат 14.30-дан 17.00-ге дейін «Жастар» сарайында (Республика даңғылы, 34) өтеді.