Now Reading
Қарқаралы қаласында мүгедектігі бар қызын емдеген балабақша есепшісі сотталды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қарқаралы қаласында мүгедектігі бар қызын емдеген балабақша есепшісі сотталды

Қарқаралы қаласында мүгедектігі бар қызын емдеген балабақша есепшісі сотталды

Қарқаралыда 24 миллион теңгені ұрлаған мемлекеттік балабақшаның бас есепшісі сотталды. 

Сотталушы мүгедектігі бар қызының емделуіне ақша төлеу үшін қылмыс жасағанын мойындады. Қарағанды облысы Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері аса ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлау фактісін анықтады. Ұрлықтың 2021-2022 жылдар аралығында болғаны анықталған. Осы уақыт ішінде сотталушы өзіне 24 миллион теңге көлемінде жалақы мен демалыс ақысын негізсіз аударып келген.

Есепшіге қатысты Қылмыстық Кодекстің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы «Бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін аса ірі мөлшерде ысырап ету немесе жымқыру» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Жауап алу кезінде күдікті бұл қылмысқа аутизмнің ауыр түрімен ауыратын, туылғаннан бері бірінші топтағы мүгедектігі бар кәмелетке толмаған қызының ауыр сырқатына байланысты барғанын айтып, ұрланған бюджет қаражатын сотқа емге жұмсағанын, қызының ұзақ емделуіне байланысты алған несиелері мен жинақталған қарызын өтегенін айтты», — деп хабарлады Қарағанды облысы бойынша ТЖД баспасөз қызметі.

Қылмыстық іс Қарқаралы аудандық сотында қаралды. Сотталушы өз кінәсін мойындап, келтірілген шығынды өндіру туралы азаматтық талап арызбен жүгінді. Сондай-ақ сотта сотталушының ерекше қызынан бөлек анасының да мүгедектігі бар екені белгілі болды. Сотталушының шын жүректен өкінгені жіне өз кінәсін толық меңгергені әйелдің қылмыстық жауаптылығын жеңілдететін мән-жайлар ретінд қабылданды. 

Қарқаралы аудандық соты сотталушыны кінәлі деп танып, мүлкін тәркілеусіз алты жылға бас бостандығынан айыру жазасын, қызы 11 жасқа толғанға дейін бес жылға дейін шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Алайда оған бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру түріндегі қосымша жаза тағайындалған жоқ. Сонымен қатар сот Қарқаралы аудандық білім бөлімінің сотталушыдан ұрланған ақшалай қаражатты өндіру туралы азаматтық талап арызын қанағаттандырды.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...