Now Reading
Қазақстанда мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы мөлшері белгілі болды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстанда мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы мөлшері белгілі болды

Қазақстанда мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы мөлшері белгілі болды

2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы (МӘТ) алушылардың саны шамамен 538 мың адамды, ал асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша – 186 мыңға жуық адамды құрайды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері өмір сүру минимумының өсуіне байланысты 8,5%-ға ұлғайғанын, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қосымша 14,5%-ға индекстелгенін еске салды.

«2023 жылдың 1 шілдесінен бастап жалпы аурудан мүгедектігі бойынша МӘТ мөлшері бірінші топ үшін 89 248 теңге, екінші топ үшін 71 398 теңге, үшінші топ үшін 48 681 теңгені құрайды.

Сонымен қатар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер алады.

Сегіз айдың қорытындысы бойынша 95,1 мың адам еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша 61,4 мың адам асыраушысынан айырылу бойынша төлемдер алған.

Төлем сомасы жеке анықталады және мыналарға байланысты:

• МӘСҚ-ға соңғы екі жылдағы әлеуметтік аударымдар аударылған орташа айлық табыс көлемі;

• жұмысқа жарамсыздық көрсеткіштері,

• асырауындағылар саны,

• міндетті әлеуметтік сақтандыру және кірістерді ауыстыру жүйесіне қатысу өтілі.

«Бұл төлемдер республикалық бюджеттен төленетін осындай жәрдемақыларға қосымша төленеді, олардың мөлшерлері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен 8,5%-ға, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 14,5%-ға қосымша ұлғайтылды.

1 қыркүйектегі жағдай бойынша мүгедектік бойынша әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері 45 654 теңгені, ал асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 50 012 теңгені құрайды.

Еңбек министрлігі сондай-ақ келесілерді еске салды:

• мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектік тобы мен себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген күнкөріс минимумына байланысты;

• асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері қайтыс болған асыраушысының асырауындағылардың санына, қайтыс болу себебіне және ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты.

«2023 жылдың басында мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды (МӘЖ) төлеуге республикалық бюджеттен шамамен 338 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар 2023 жылдың басында мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) шамамен 41,8 млрд теңге әлеуметтік төлемдер төленді.

Бұған дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2023 жылғы 1 қыркүйектегі жиынтық зейнетақының орташа мөлшерін жариялаған болатын.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×