Now Reading
Қазақстанда орташа зейнетақы өсті
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстанда орташа зейнетақы өсті

Қазақстанда орташа зейнетақы өсті

Қазақстанда орташа зейнетақы 14 теңгеге өсті. 1 тамызда жалпы орташа зейнетақы 120 923 теңгені, одан кейін 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 120 937 теңгені құрады.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 триллион 200,8 миллиард теңге зейнетақы төленсе, оның 675,2 миллиард теңгесі базалық зейнетақы төлемдерін, 1 трлн 525,6 млрд.теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдерін құрады.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша 2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша орташа жиынтық зейнетақы 120 937 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 83 072 теңге, базалық зейнетақы – 37 865 теңгені құраған.

2023 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша зейнеткерлердің саны 2 миллион 305 мың адамды құрайды.

Ведомство 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі әрбір алушыға оның зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі ескеріле отырып, жеке тағайындалатынын атап өтті. Бұл ретте зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақтастығы жүйесінде әзірленген еңбек өтілі, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) төленген кезеңдер кіреді.

Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл және одан аз болса немесе ол болмаған жағдайда базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60%-ына тең болса, онда 10 жылдан асатын әрбір жыл үшін оның мөлшері 2 есеге өседі. Мысалы 20 жыл қатысуымен базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 80 пайызын құрайды. 30 және одан да көп жыл еңбек өтілі болған жағдайда ол ең жоғары мөлшерде – ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100% мөлшерінде белгіленеді. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бір айда бірнеше рет БЗЖ аударылса, жинақтаушы жүйеге қатысу мерзімі бір айды құрайды.

Осылайша, міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық көлемде төленсе, зейнеткерлік жасқа жеткенде базалық зейнетақы төлемінің мөлшері соғұрлым көп болады.

Өз кезегінде жасы бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбек өтіліне (кемінде 6 ай қажет) және зейнеткерлікке шыққанға дейінгі кезеңде алынған орташа айлық табысқа байланысты.

2023 жылдың 10 тамызында Еңбек министрлігі зейнетақының орташа мөлшерін жариялады. 2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша орташа жиынтық зейнетақы 120 923 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 83 092 теңге, базалық зейнетақы – 37 831 теңгені құрады.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×