Now Reading
Қазақстанда мүгедектігі бар жандарға арналған қосымша іске қосылды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстанда мүгедектігі бар жандарға арналған қосымша іске қосылды

Қазақстанда мүгедектігі бар жандарға арналған қосымша іске қосылды

Әлеуметтік қызметтер порталының функционалдық мүмкіндіктерінің қолжетімділігін арттыру үшін Aleumet қосымшасы әзірленіп, іске қосылды, оның көмегімен мүгедектігі бар азаматтар оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес техникалық өтемдік оңалту құралдарына тапсырыс бере алады.

Қолданба мүлдем тегін және оны App Store және Play Market дүкендерінен жүктеп алуға болады.

«Алдағы уақытта қосымшаның функционалдығы кеңейеді, мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетілетін басқа қызметтерге: санаториялық-курорттық емделуге, ымдау тілі маманына, жеке көмекшіге және басқа да арнаулы әлеуметтік қызметтерге тапсырыс беруге болады», — деді Еңбек министрлік өз хабарламасында. 

Ведомство 2023 жылдың басынан бері мүгедектгі бар азаматтар ӘҚП арқылы 377 мыңнан астам қызмет алғанын, оның басым бөлігі техникалық оңалту құралдарын сатып алу  екенін еске салды.

Портал мүгедектігі бар азаматтарға техникалық құралдар мен оңалту қызметтерін өндіруші мен жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік беретіні түсіндірілді. Көмек көрсету түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасын растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген ОТҚ жеткізу немесе алып кету арқылы алуға болады.

Бүгінгі таңда ӘҚП-да арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін 859 медициналық-әлеуметтік мекеме (бөлімше), 482 ОТҚ провайдері, 27 мыңнан астам жеке көмекші қызметтерді көрсетушілер, 703 ымдау тілі және 104 санаториялық-курорттық емделушілер тіркелген.

Мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі ұлттық жоспардың шеңберінде «Әлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу қарастырылған.

ӘҚП пайдалану бойынша кеңестерді «1414» бір нөмірі арқылы қолдау көрсету орталығынан алуға болады.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×