Now Reading
Астанада мүмкіндігі шектеулі жандар арасында кәсіби шеберлік байқауы өтті
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Астанада мүмкіндігі шектеулі жандар арасында кәсіби шеберлік байқауы өтті

Астанада мүмкіндігі шектеулі жандар арасында кәсіби шеберлік байқауы өтті

Елордалық «Green TAL» шеберханасында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында «Үздік ағаш ұстасы» және «Үздік тігінші» номинациялары бойынша «Мамандығы бойынша үздік» кәсіби шеберлік байқауы өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Байқауға 20 адам қатысты. «Үздік ағаш ұстасы», «Үздік тігінші» атақтары өз ісінде шеберлік танытқан мамандарға беріледі.

«Үздік» жобасы аясында «Үздік ағаш ұстасы» және «Үздік тігінші» байқауы өткізілуде. Жобаның мақсаты – осы мамандықтарды танымал ету, біліктілікті арттыру және жетілдіру. Байқауда қатысушылар кәсіби шеберліктерін, қабілеттерін, білімдерін көрсетті. Жоба «Астана жастары» КММ Жастар ресурстық орталығы және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен екінші жыл жүзеге асырылуда», — дейді NEET санатындағы жастармен жұмыс жөніндегі бөлімнің маманы Әсел Болатқызы.

Байқау теориялық білімді тексеруден және практикалық тапсырманы орындаудан тұрды.

«Қатысушылар белгілі бір критерийлер бойынша бағаланды: шеберлік деңгейі, сенімділік, жұмыстың дәлдігі.

Бұл салада кәсіби болудың қажеті жоқ, ең бастысы-тәжірибе. Байқаудың нақты шеңбері жоқ, жаңадан бастағандар мен кәсіпқойлар қатыса алады», — деп атап өтті «Green TAL» тігін цехының жетекшісі Сабина Бейсенова.

Қатысушы Ольга Избицкая өзінің алғашқы тәжірибесімен бөлісті.

«Бұл жобаға бірінші рет қатысуым. Жарыс басталардан екі ай бұрын тыңғылықты дайындалып, жеңіске деген құлшыныс пайда болды.

Мен капюшон тігуді көрсеттім», — деп өз эмоцияларымен бөлісті бойжеткен.

Байқаудың «Үздік ағаш ұстасы» номинациясы бойынша Батырбек Төлеутай жеңімпаз атанды. «Үздік тігінші» номинациясында Әсел Ахметова бірінші орынды иеленді.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×